Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в решение Акмолинского областного маслихата от 16 октября 2009 года № 4С-17-5 "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Акмолинской области (района, городов Кокшетау, Степногорска)"

Ереже · № 5C-8-11 · қабылданған 07.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2009-no-4-17-5/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении дополнения в решение Акмолинского областного маслихата от 16 октября 2009 года № 4С-17-5 "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Акмолинской области (района, городов Кокшетау, Степногорска)" Күшін жойған 14.09.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении дополнения в решение Акмолинского областного маслихата от 16 октября 2009 года № 4С-17-5 "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Акмолинской области (района, городов Кокшетау, Степногорска)"

Күшін жойған Ереже № 5C-8-11 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в решение Акмолинского областного маслихата от 16 октября 2009 года № 4С-17-5 "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Акмолинской области (района, городов Кокшетау, Степногорска)"
Атауы (қаз.)
Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 4С-17-5 "Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы" атағын беру ережелерін бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5C-8-11
Қабылданған күні
07.12.2012
Көрсетілген редакция
14.09.2022 70033_591974.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12B0003593
ЭКБ идентификаторы
70033
Редакция идентификаторы
70033_591974
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:35
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 4С-17-5 "Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы" атағын беру ережелерін бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының)» құрметті азаматы атағын беру ережелерін бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 4С-17-5 шешіміне (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3338, 2009 жылдың 12 желтоқсанында «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы» атағын беру ережелері:
келесі мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Ұсынылған азаматтар жиынының, өндірістік кәсіпорынның еңбек ұжымы жиналысының, ұйымның, мемлекеттік мекеменің, қоғамдық бірлестіктің, партияның хаттамаларын, облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар депутаттарының өтініштерін дәйекті қарастыру мақсатында облыс (аудан, Көкшетау, Степногорск қалалары) әкімінің өкімімен құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық пікір көшбасшыларының өкілдері кіретін 9 адамнан тұратын жұмыс тобы құрылады.
Жұмыс тобының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және жұмыс тобының жалпы санының басым бөлігі олар үшін дауыс берген жағдайда қабылданған болып есептеледі. Дауыс саны тең болған жағдайда жұмыс тобының басшысы дауыс берген шешім қабылданады. Жұмыс тобының мүшелері ерекше пікір білдіру құқығына ие болады, және оны білдірген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берілуі қажет.
Жұмыс тобының шешімі ұсынымдық сипатта болады, хаттамамен рәсімделеді және басшысы мен хатшысының қолдары қойылады.».

2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.