Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата района от 16 января 2009 года № 5

Қаулы · № 77 · қабылданған 14.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2009-no-5-ekb-45849/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата района от 16 января 2009 года № 5 Күшін жойған Қаулы ·№ 77 ·14.04.2009
22.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата района от 16 января 2009 года № 5

Күшін жойған Қаулы ·№ 77 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата района от 16 января 2009 года № 5
Атауы (қаз.)
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
77
Қабылданған күні
14.04.2009
Көрсетілген редакция
22.05.2012 45849_199809.kaz
Соңғы өзгеріс
22.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09SG000108
ЭКБ идентификаторы
45849
Редакция идентификаторы
45849_199809
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:24

0 Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындғы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13), 14) тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдау үшін мақсатты топқа жататын тұлғалардың 2009 жылға тізбесін белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 5 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің тізіліміне 2009 жылғы 18 ақпанда тіркелген № 13-7-102, аудандық «Ауыл арайы» газетінің 2009 жылғы 27 ақпандағы 8 нөмірінде мемлекеттік тілде, «Сельская новь» газетінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 8 нөмірінде орыс тілінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда қосымшаға сәйкес жазылсын:

2 2. Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мақсатты топтарға қосымша жатқызылған тұлғаларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға ықпал шараларымен уақытында қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

5 Аудан әкімдігінің 2009 жылғы

14 сәуірдегі № 77 қаулысына
қосымша
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
16 ақпандағы № 5 қаулысына
қосымша
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға ықпал шараларын қабылдау үшін мақсатты топқа жатқызылғандардың 2009 жылға қосымша тізбесі

1 1. Дәрігерлік консультативтік комиссияның анықтамасы бойынша еңбегіне қойылған шектеуі бар тұлғалар.

2 2. Ұзақ мерзім жұмыс істемеген тұлғалар (бір жылдан астам).

3 3. Оқу мекемелерінің түлектері.

4 4. Ұйым санының немесе штатының қысқартылуына байланысты босатылған тұлғалар.

5 5. 29 жасқа дейінгі жастар.

Қолданыстағы