О внесении изменений в решение акима Шалкарского сельского округа Шалкарского района от 16 марта 2009 года № 5 «О присвоении наименования улицам»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Шалкарского сельского округа Шалкарского района от 16 марта 2009 года № 5 «О присвоении наименования улицам»
- Атауы (қаз.)
- Шалқар ауданы Шалқар селолық округі әкімінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 5 «Көшелерге атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 21.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.04.2015 86626_71782.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CMI04198
- ЭКБ идентификаторы
- 86626
- Редакция идентификаторы
- 86626_71782
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:58
0 Шалқар ауданы Шалқар селолық
округі әкімінің 2009 жылғы 16
наурыздағы № 5 «Көшелерге атау
беру туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шалқар ауданы Шалқар селолық округінің әкімінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 5 «Көшелерге атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-103 санымен тіркелген, 2009 жылдың 15 сәуірінде аудандық «Шалқар» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына сәйкес және Шалқар ауылдық округі Шалқар ауылының халқының пiкiрiн ескере отырып, Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ»;
шешімнің бүкіл мәтіні бойынша «селолық», «селосының» сөздері тиісінше «ауылдық», «ауылының» сөздерімен ауыстырылсын.