О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 июля 2009 года № 63 "О минимальном размере уставного капитала юридических лиц, исключительным видом деятельности которых является организация обменных операций с иностранной валютой"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 июля 2009 года № 63 "О минимальном размере уставного капитала юридических лиц, исключительным видом деятельности которых является организация обменных операций с иностранной валютой"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы" 2009 жылғы 16 шілдедегі № 63 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 01.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 27.09.2017 50799_276191.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.09.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006059_
- ЭКБ идентификаторы
- 50799
- Редакция идентификаторы
- 50799_276191
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:09
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы" 2009 жылғы 16 шілдедегі № 63 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы» 2009 жылғы 16 шілдедегі № 63 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5735 тіркелген, 2009 жылғы 14 тамызда «Заң газеті» газетінің № 123 (1546) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) облыстардың әкімшілік орталықтарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында орналасқан уәкілетті ұйымдар үшін 2010 жылғы
1 сәуірден бастап 5 000 000 (бес миллион) Қазақстан теңгесі мөлшерінде бекітілсін.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2010 жылғы 1 сәуірден бастап уәкілетті ұйымдар облыстардың әкімшілік орталықтарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында орналасқан айырбастау пункттерін ашқан жағдайда 1 000 000 (бір миллион) Қазақстан теңгесіне ұлғайтылуы тиіс.».