Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 февраля 2009 года № 68 "Об утверждении Инструкции по проведению бюджетного мониторинга"

Бұйрық · № 294 · қабылданған 24.06.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2009-no-68-ekb-73890/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 февраля 2009 года № 68 "Об утверждении Инструкции по проведению бюджетного мониторинга" Күшін жойған Бұйрық ·№ 294 ·24.06.2013
30.11.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 февраля 2009 года № 68 "Об утверждении Инструкции по проведению бюджетного мониторинга"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 294 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 февраля 2009 года № 68 "Об утверждении Инструкции по проведению бюджетного мониторинга"
Атауы (қаз.)
"Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
294
Қабылданған күні
24.06.2013
Көрсетілген редакция
30.11.2016 AI73890_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008553
ЭКБ идентификаторы
73890
Редакция идентификаторы
AI73890_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:54

0 "Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. "Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5574 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның кірістерді талдау және салық және кеден заңнамасы мәселелерін үйлестіру функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі есепті айдан кейінгі айдың 17-сі күнінен кешіктірмей, республикалық бюджетке түсетін салықтар мен төлемдердің түрлері бойынша жыл басынан жоспарды асыра орындау немесе орындамау себептерін талдауды функциясына бюджеттің атқарылуын жиынтық талдауды жүргізу кіретін құрылымдық бөлімшеге осы Нұсқаудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Республикалық және жергілікті (облыс бюджеті (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттерге түсетін түсімдердің түрлері бойынша жыл басынан жоспарды асыра орындау немесе орындамау себептерін талдау осы Нұсқаудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 25-і күніне дейін жергілікті бюджет кіріс бөлігінің артығымен атқарылу немесе атқарылмау себептерін талдауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 25-і күніне дейін республикалық бюджет жоспарының асыра орындалу немесе орындалмау себептерін талдауды Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның кірістерді талдау және салық және кеден заңнамасы мәселелерін үйлестіру функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі осы Нұсқаудың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ай сайынғы талдамалы ақпаратты дайындау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның сайтында орналастыру мақсатында мемлекеттік бюджет кірістерінің атқарылу деректерін қалыптастырады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Жоспарды асыра орындау немесе орындамау себептерін көрсете отырып, мұнай секторы ұйымдарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін тікелей салықтардың түсімдерін талдауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі жүргізеді және ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-сы күніне дейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бойынша есепке алу мен есептілік саласындағы салааралық үйлестіру мен әдіснамалық жетекшілік ету функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне ұсынады.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджеттің атқарылуы және жергілікті бюджеттердің атқарылуына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қызмет көрсету саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі есепті айдан кейінгі айдың 12-сі күніне кешіктірмей, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын талдау жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджет шығыстарын талдау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджет шығыстарын талдау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі "Бюджеттік процесс мониторингі" бағдарламалық қамтымында төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептері жөнінде түзетулерді жүзеге асырады және есепті айдан кейінгі айдың 20-сі күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның функциясына бюджеттің атқарылуын жиынтық талдау жүргізу кіретін құрылымдық бөлімшесіне осы Нұсқаудың 9-қосымшасына сәйкес республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы туралы талдамалы есепті ұсынады.";
25-тармақта:
бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері есепті айдан кейінгі айдың алғашқы жеті күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға МБМ бағдарламасындағы "Бюджеттің атқарылуы туралы мерзімді есептілікті қалыптастыру" кіші жүйесінде қалыптастырылған бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті ұсынады. Аталған есепте әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша төлемдер бойынша жоспарлардың орындалмау себептері және қаржыландыру жоспарларының орындалмауына әкеп соқтырған факторларды көрсете отырып, міндеттемелер бойынша жоспарға сәйкес міндеттемелерді уақтылы қабылдамау себептері егжей-тегжей толтырылады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары тоқсан сайын есептіден кейінгі 15-і күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Нұсқаудың 9-қосымшасына сәйкес бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалы есепті ұсынады.";
26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне тәуелді емес объективті себептерге мыналар жатады:
еңбекақы төлеу қоры (бұдан әрі – ЕТҚ) бойынша үнемдеу (бос орындардың болуы, ақысыз демалыстар беру және еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер есебінен ағымдағы шығындар, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, банк қызметтеріне ақы төлеу бойынша үнемдеу);
ол бойынша Үкіметтің шешімдері қабылданбаған бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінбеген қалдық;
басқа себептер бойынша үнемдеу (бағамдық айырма, форс-мажорлық жағдайлар (көзделуі, қандай да болмасын іс-шаралармен алдын алуы немесе жойылуы мүмкін емес жағдайлар), бағаның және тұтынудың заттай көлемінің өзгеруі есебінен қалыптасқан түгел пайдаланылмаған қаражат қалдығы, бюджет қаражатын алушылардың жоспарланғанға қарағанда іс жүзіндегі санының азаюы, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы (мүдде) мөлшерлемесінің өзгеруі, іссапарлар кестесінің өзгеруі, жол жүру, іс-шаралар өткізу мерзімінің ауысуына байланысты өзге ағымдағы шығындар бойынша іс-шаралар жоспарының өзгеруі.";
"27. Басқа (субъективтік) себептерге мыналар жатқызылады:
мемлекеттік сатып алу бойынша өтпей қалған конкурстар;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаны тиімді басқармауы (конкурстық рәсімдерді уақтылы өткізбеу, оларды өткізу мерзімдерін ауыстыру, жасалмаған шарттар, қаржы жоспарларға өзгерістер енгізу, төлем құжаттарын ұзақ келісу, бюджет қаражатының талап етілмеуі, көтеріңкі құндық және сандық көрсеткіштер, жылдық жоспарларды негізсіз айлар бойынша бөлу);
орындалмаған шарттық міндеттемелер (өнім берушілердің шарт талаптарын бұзуы, өнім берушілердің тауарларды жеткізбеуі, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) берушілердің орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды, нарықты талдауын уақтылы бермеуі);
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау және басқа себептер.";
29-тармақта:
4) – 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) 17 – 20-бағандарда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Нұсқаудың 26-тармағында жазылған, бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне тәуелді емес объективті себептер бойынша қалыптасқан соманы көрсетеді;
5) 21 – 25-бағандарда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Нұсқаудың 27-тармағында жазылған басқа (субъективті) себептер бойынша қалыптасқан жалпы соманы жеке көрсетеді;
6) 26, 27-бағандарда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ай сайын төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) жоспарының орындалмау және есепті кезеңде міндеттемелердің уақтылы қабылданбау немесе қабылданбау себептерін көрсетеді.";
7) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 33-1 және 33-2-тармақтармен толықтырылсын:
"33-1. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы айдың жиырмасы күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Нұсқаудың 15-қосымшасына сәйкес төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының күтілетін орындалуы туралы ақпаратты ұсынады;
33-2. Осы Нұсқаудың 15-қосымшасында көрсетілген төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының күтілетін орындалуы туралы ақпарат былайша толтырылады:
1) 1–4-бағандарда Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 болып тіркелген) Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың функционалдық сыныптамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кодтары мен атаулары, бағдарлама мен кіші бағдарлама көрсетіледі;
2) 5–6-бағандарда әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша қаржы жылының басынан өсу қорытындысымен, сондай-ақ алдағы айға арналған төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының сомасы көрсетіледі;
3) 7–8-бағандарда әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша қаржы жылының басынан өсу қорытындысымен, сондай-ақ алдағы айға арналған бюджет шығыстары бойынша күтілетін атқарылу сомасы көрсетіледі;
4) 9-10-бағандарда әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстар жөнінде күтілетін атқарылудың пайызы көрсетіледі;
5) 11-12-бағандарда әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша қаржы жылының басынан өсу қорытындысымен, сондай-ақ алдағы айға арналған жоспардың болжамдалатын атқарылу сомасы көрсетіледі.";
4-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларды іске асыруын талдау.
43. Стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржы жылының қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті осы Нұсқаудың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасайды.
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есеп ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейінгі мерзімде әрбір бюджеттік бағдарламаның бөлінісінде оған түсіндірме жазбамен қағаз және магнитті (электрондық) тасығыштарда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға беріледі.
44. Осы Нұсқаудың 14-қосымшасында көрсетілген өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есеп былайша толтырылады:
"Бюджеттік бағдарламаның коды мен әкімшісі" деген жол бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды мен атауы көрсетіледі;
"Бюджеттік бағдарлама" деген жол бойынша бюджеттік бағдарламаның атауы көрсетіледі;
"Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды" деген 1-бағанда бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды көрсетіледі;
"Бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды" деген 2-бағанда бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды көрсетіледі;
"Бюджеттік бағдарламаның атауы" деген 3-бағанда бюджеттік бағдарламаның атауы көрсетіледі;
"Тікелей нәтиже көрсеткіші" деген 4, 5-бағандарда бюджеттік бағдарламаның қойған мақсатына қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламаны іске асыру нәтижелерін көрсететін жоспарлы және іс жүзінде орындалған сандық көрсеткіштер көрсетіледі;
"Тікелей нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу" деген 6-бағанда пайыздармен іс жүзінде қол сандық көрсеткіштердің жоспарымен ара қатынасы көрсетіледі;
"Есепті жылға көзделген жоспар" деген 7-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес есепті жылға жоспарланған сомасы көрсетіледі;
"Есепті жылдағы атқарылу (төленген міндеттемелер)" деген 8-бағанда есепті жылда төленген міндеттемелер сомасы көрсетіледі;
"Атқарылу %" деген 9-бағанда есепті жылдағы атқаруды (төленген міндеттемелер) есепті жылға көзделген жоспарға бөлу және оны жүз пайызға көбейту жолымен орындалу пайызы көрсетіледі;
"Атқарылмау сомасы" деген 10-бағанда 7-бағанның көрсеткішінен 8-бағанның көрсеткішін шегеру жолымен анықталатын есепті жылдағы бюджет қаражатының атқарылмау сомасы көрсетіледі;
"Қол жеткізе алмау себептері" деген 11-бағанда тікелей нәтиже көрсеткіштері бойынша орындалмаған (түгел орындалмаған) іс-шаралар, сондай-ақ олардың орындалмау (түгел орындалмау) себептері көрсетіледі.
45. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есеппен бір уақытта ұсынылатын түсіндірме жазба мыналарды қамтиды:
1) бюджеттік бағдарламаның атауы;
2) бюджеттік бағдарламаны іске асыруға арналған жоспарлы және іс жүзіндегі шығыстар (мың теңге), сондай-ақ өткен қаржы жылында осы бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет шығыстары туралы ақпарат және тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бірлігі үшін іс жүзіндегі шығыстар;
3) бюджет қаражатының атқарылмау сомасы және олардың себептері;
4) тікелей нәтиженің жоспарланған және іс жүзінде қол жеткізілген сандық көрсеткіштері туралы сандық ақпарат (даналар, бірліктер, шаршы метрлер және тағы сол сияқты), алдыңғы қаржы жылындағы бюджеттік бағдарлама нәтижелері: тікелей нәтиженің қол жеткізілген сандық көрсеткіштерінің және бір бірлікке іс жүзінде көрсетілген қызметтердің саны (тауарлар, жұмыстар);
5) өткен есепті жылдың басымен салыстырғанда тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектің болуы туралы ақпарат, оның ішінде пайда болған берешектердің себептерін және оларды өтеу жөнінде қабылданған (қабылданатын) шараларды көрсете отырып, өткен жылдар берешегі;
6) бақылау органдары жүргізген бюджет қаражатын пайдаланудың атаулылығы мен нысаналы сипаттығы, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шараларды баяндай отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы тұрғысынан (әрқайсысының бөлінісінде) тексеру жөніндегі ақпаратты қамтиды.
46. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері берген ақпараттар, ішкі бақылау қызметтерінің материалдары, сондай-ақ ішкі және сыртқы факторлардың әсерін анықтау негізінде бюджеттік бағдарламаның нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу жөнінде талдау жүргізеді.
47. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалардың нәтиже көрсеткішіне қол жеткізудің талдауын оның негізінде алынған ақпаратты Түсімдер бойынша тиісті бюджетті атқару туралы, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есепке енгізу үшін жүзеге асырады.".
8, 9, 14-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 15-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (З.А. Ерназарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

3 3. Ақпараттық технологиялар департаментi (Д.Ж. Күнтубаев) "Бюджеттiк процесс мониторингi" бағдарламалық қамтымына тиісті өзгерістер енгізсін.

4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

1 200___ жылғы ________________ жағдай Есеп бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) іске асыру мониторингiнiң нәтижелерi туралы

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы ми­ни­стрі­нің
2013 жы­л­ғы 24 мау­сым­да­ғы
№ 294 бұй­ры­ғы­на
1-қо­сым­ша
Бюд­жет­тік мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу
Нұс­қа­уы­на 8-қо­сым­ша
200___ жылғы ________________ жағдай Есеп бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) іске асыру мониторингiнiң нәтижелерi туралы
Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi
Бюджеттiң түрi
Есептi кезең Өлшем бiрлiгi
мың теңге
Ко­ды
Ата­уы
Бір жы­л­ға ар­нал­ған жиын­тық қар­жы­лан­ды­ру жос­па­ры
Есеп­ті ке­зең­ге ар­нал­ған жиын­тық қар­жы­лан­ды­ру жос­па­ры
Қа­был­дан­ған мін­дет­те­ме­лер
Тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер
Ат­қа­ры­лу % (9 - бағ./7 - бағ.*100)
Ат­қа­рыл­мау со­ма­сы (9 - бағ.-7 - бағ.)
ББӘ
Бағ­дар­ла­ма
Кі­ші бағ­дар­ла­ма
мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша
тө­лем­дер бой­ын­ша
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Бар­лы­ғы
оның ішін­де:
ЕТҚ бой­ын­ша үнем­деу
х
х
х
х
х
х
х
ба­ғам­дық ай­ыр­ма
х
х
х
х
х
х
х
оның ішін­де:
Ағым­да­ғы бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар

Да­му бағ­дар­ла­ма­лар

кестенің жалғасы
Қа­был­дан­ба­ған мін­дет­те­ме­лер со­ма­сы (8-бағ. - 6-бағ.)
Бір жы­л­ға ар­нал­ған кү­ті­ле­тін орын­да­луы
Ат­қа­ры­лу % (13 - бағ./5 - бағ.*100)
Бір жы­л­ға кү­ті­ле­тін ат­қа­рыл­мау со­ма­сы (13-бағ. - 5-бағ.)
12
13
14
15
х
х
х
х
х
х
х
х
кестенің жалғасы
оның ішін­де
Ес­кер­ту (жос­пар­дың орын­дал­мау се­беп­те­рін бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар (кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар) әкім­ші­ле­рі­нің негіз­де­уі
Ес­кер­ту (бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың (кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар­дың) әкім­ші­ле­рі­нің мін­дет­те­ме­лер­ді өз уа­қы­ты­лы қа­был­дау не қа­был­да­мауы­ның негіз­де­ме­сі
мем­ле­кет­тік са­тып алу нәти­же­ле­рі бой­ын­ша үнем­деу
объ­ек­тив­ті, рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­ле­ріне тәу­ел­ді емес
оның ішін­де
бас­қа (субъ­ек­тив­тік) се­беп­тер
оның ішін­де
ЕТҚ бой­ын­ша үнем­деу
Үкі­мет­тің ше­шім­де­рі қа­был­дан­ба­ған бө­лі­не­тін бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар бой­ын­ша бө­лін­бе­ген қал­дық
бас­қа се­беп­тер бой­ын­ша үнем­деу
мем­ле­кет­тік са­тып алу бой­ын­ша өт­пей қал­ған кон­кур­стар
бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­ле­рі­нің бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ны ти­ім­ді бас­қар­мауы (кон­кур­стық рә­сім­дер­ді уақ­ты­лы өт­кіз­беу, олар­ды өт­кі­зу мер­зім­де­рін ауы­сты­ру, жа­сал­ма­ған шар­ттар, қар­жы жос­пар­лар­ға өзге­рі­стер ен­гі­зу, тө­лем құ­жат­та­рын ұзақ ке­лі­су, бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның та­лап етіл­ме­уі, кө­те­рің­кі құн­дық және сан­дық көр­сет­кіш­тер, жыл­дық жос­пар­лар­ды негіз­сіз ай­лар бой­ын­ша бө­лу)
орын­дал­ма­ған шар­ттық мін­дет­те­ме­лер (өнім бе­ру­ші­лер­дің шарт та­лап­та­рын бұ­зуы, өнім бе­ру­ші­лер­дің та­у­ар­лар­ды жет­кіз­бе­уі, та­у­ар­лар­ды (жұ­мыстар­ды, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді) бе­ру­ші­лер­дің орын­дал­ған жұ­мыстар ак­ті­ле­рін, шот-фак­ту­ра­лар­ды, на­рық­ты тал­да­уын уақ­ты­лы бер­ме­уі)
бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­ды (кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар­ды) іс­ке асы­ру жө­нін­де нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді уақ­ты­лы қа­был­да­мау және бас­қа се­беп­тер
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
Ескерту: * 13-бағанды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері
ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысынан бастап
ағымдағы жылдың соңына дейін толтырады.
Орталық атқарушы органның жауапты
хатшысы (белгіленген тәртіппен
орталық атқарушы орган жауапты
хатшысының өкілеттіктері жүктелген _________ ___________________
лауазымды тұлға)/мемлекеттік мекеме (қолы) (қолды таратып жазу)
басшысы
Қаржы қызметінің басшысы ________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)

2 200 ____ жылғы _________________ жағдай бойынша _______________ бюджеттің орындалуы туралы талдамалы есеп

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы ми­ни­стрі­нің
2013 жы­л­ғы 24 мау­сым­да­ғы
№ 294 бұй­ры­ғы­на
2-қо­сым­ша
Бюд­жет­тік мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу
Нұс­қа­уы­на 9-қо­сым­ша
200 ____ жылғы _________________ жағдай бойынша _______________ бюджеттің орындалуы туралы талдамалы есеп
Бюджет түрі __________
Мерзімділігі ***
мың теңге
Ко­ды
Ата­уы
Бір жы­л­ға ар­нал­ған жиын­тық қар­жы­лан­ды­ру жос­па­ры
Есеп­ті ке­зең­ге ар­нал­ған жиын­тық қар­жы­лан­ды­ру жос­па­ры
Қа­был­дан­ған мін­дет­те­ме­лер
Тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер
Ат­қа­ры­лу % (9 - бағ./7 - бағ.*100)
Ат­қа­рыл­мау со­ма­сы (9 - бағ.-7 - бағ.)
ББӘ
Бағ­дар­ла­ма
Кі­ші бағ­дар­ла­ма
мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша
тө­лем­дер бой­ын­ша
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Бар­лы­ғы
оның ішін­де:
Ағым­да­ғы бағ­дар­ла­ма

Да­му бағ­дар­ла­ма­сы

кестенің жалғасы
Қа­был­дан­ба­ған мін­дет­те­ме­лер со­ма­сы (8-бағ. - 6-бағ.)
Бір жы­л­ға ар­нал­ған кү­ті­ле­тін орын­да­луы
Ат­қа­ры­лу % (13 - бағ./5 - бағ.*100)
Бір жы­л­ға кү­ті­ле­тін ат­қа­рыл­мау со­ма­сы (13-бағ. - 5-бағ.)
12
13
14
15
кестенің жалғасы
оның ішін­де
Ес­кер­ту (жос­пар­дың орын­дал­мау се­беп­те­рін бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар (кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар) әкім­ші­ле­рі­нің негіз­де­уі
Ес­кер­ту (бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың (кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар­дың) әкім­ші­ле­рі­нің мін­дет­те­ме­лер­ді өз уа­қы­ты­лы қа­был­дау не қа­был­да­мауы­ның негіз­де­ме­сі
мем­ле­кет­тік са­тып алу нәти­же­ле­рі бой­ын­ша үнем­деу
объ­ек­тив­ті, рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­ле­ріне тәу­ел­ді емес
оның ішін­де
бас­қа (субъ­ек­тив­тік) се­беп­тер
оның ішін­де
ЕТҚ бой­ын­ша үнем­деу
Үкі­мет­тің ше­шім­де­рі қа­был­дан­ба­ған бө­лі­не­тін бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар бой­ын­ша бө­лін­бе­ген қал­дық
бас­қа се­беп­тер бой­ын­ша үнем­деу
мем­ле­кет­тік са­тып алу бой­ын­ша өт­пей қал­ған кон­кур­стар
бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­ле­рі­нің бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ны ти­ім­ді бас­қар­мауы (кон­кур­стық рә­сім­дер­ді уақ­ты­лы өт­кіз­беу, олар­ды өт­кі­зу мер­зім­де­рін ауы­сты­ру, жа­сал­ма­ған шар­ттар, қар­жы жос­пар­лар­ға өзге­рі­стер ен­гі­зу, тө­лем құ­жат­та­рын ұзақ ке­лі­су, бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның та­лап етіл­ме­уі, кө­те­рің­кі құн­дық және сан­дық көр­сет­кіш­тер, жыл­дық жос­пар­лар­ды негіз­сіз ай­лар бой­ын­ша бө­лу)
орын­дал­ма­ған шар­ттық мін­дет­те­ме­лер (өнім бе­ру­ші­лер­дің шарт та­лап­та­рын бұ­зуы, өнім бе­ру­ші­лер­дің та­у­ар­лар­ды жет­кіз­бе­уі, та­у­ар­лар­ды (жұ­мыстар­ды, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді) бе­ру­ші­лер­дің орын­дал­ған жұ­мыстар ак­ті­ле­рін, шот-фак­ту­ра­лар­ды, на­рық­ты тал­да­уын уақ­ты­лы бер­ме­уі)
бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­ды (кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар­ды) іс­ке асы­ру жө­нін­де нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді уақ­ты­лы қа­был­да­мау және бас­қа се­беп­тер
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
Ескерту: * 13-бағанды бюджеттік бағдарлама әкімшісі
толтырады а.ж. 9 айдың қорытындыларынан бастап
және ағымдағы жылдың соңына дейін
*** осы Нұсқаудың 23-тармағына сәйкес есепті тоқсан
сайын ұсыну осы Нұсқаудың 25-тармағына сәйкес
есепті ай сайын ұсыну
Бюджетті атқару жөнінде уәкілетті
органның құрымдылық бөлімшесінің
басшысы _________ _____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)

3 _____ қаржы жылында бюджеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы есеп

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы ми­ни­стрі­нің
2013 жы­л­ғы 24 мау­сым­да­ғы
№ 294 бұй­ры­ғы­на
3-қо­сым­ша
Бюд­жет­тік мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу
Нұс­қа­уы­на 14-қо­сым­ша
_____ қаржы жылында бюджеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы есеп
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды мен атауы: _________
Бюджеттік бағдарлама _________________
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма әкім­ші­сі­нің ко­ды
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ның (кі­ші бағ­дар­ла­ма­ның) ко­ды
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ның ата­уы
Ті­ке­лей нәти­же көр­сет­кі­ші
Ті­ке­лей нәти­же көр­сет­кі­шіне қол жет­кі­зу
Есеп­ті жы­л­ға көз­дел­ген жос­пар (мың тең­ге)
Есеп­ті жыл­да­ғы ат­қа­ры­лу (тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер) (мың тең­ге)
Ат­қа­ры­лу % (8-бағ./7-бағ.)*100%
Ат­қа­рыл­мау со­ма­сы мың тең­ге) (7-бағ-8-бағ)
Қол жет­кі­зе ал­мау се­беп­те­рі
жос­пар
факт
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Бюд­жет­тік қа­ра­жат­тар
(мың тең­ге)
х
х
х
Орталық атқарушы органның Жауапты
хатшысы(белгіленген тәртіппен оған
орталық атқарушы органның жауапты
хатшысының өкілеттігі жүктелген
лауазымды тұлға)/мемлекеттік
мекеменің басшысы _______ ___________________
(қолы) (қолды таратып жазу)

4 Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының күтілетін орындалысы туралы 20 _______ жылғы _______________ жағдай бойынша Ақпарат

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы ми­ни­стрі­нің
2013 жы­л­ғы 24 мау­сым­да­ғы
№ 294 бұй­ры­ғы­на
4-қо­сым­ша
Бюд­жет­тік мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу
Нұс­қа­уы­на 15-қо­сым­ша
Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының күтілетін орындалысы туралы 20 _______ жылғы _______________ жағдай бойынша Ақпарат
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі
Бюджет түрі (республикалық)
Есептік кезең (ай сайын)
Өлшем бірлігі (мың теңге)
Ко­ды
ББӘ
Бағ­дар­ла­ма
Кі­ші бағ­дар­ла­ма
Жыл ба­сын­да­ғы тө­лем­дер бой­ын­ша жос­па­ры
Ал­да­ғы ай­ға ар­нал­ған тө­лем­дер бой­ын­ша жос­па­ры
Арт­ты­ры­л­ған жиын­тық жос­па­ры­ның орын­да­лы­сы­ның кү­ті­луі
Ал­да­ғы ай­ға ар­нал­ған жос­па­ры­ның кү­ті­луі
Орын­да­лы­сы, %. гр.7 / гр.5 * 100
Орын­да­лы­сы, %. гр.8 / гр.6 * 100
Жос­пар­дың орын­дал­мауы гр.7-гр.5
Жос­пар­дың орын­дал­мауы гр.8-гр.6
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Орталық атқарушы органның Жауапты
хатшысы (орталық атқарушы органы
Жауапты хатшысының уәкілеттілігі
белгіленген тәртіпте жүктелген,
яғни лауазымдық тұлға)/
мемлекеттiк мекеме басшысы _______________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Қаржы қызметінің басшысы _______________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)

Қолданыстағы