Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 ноября 2009 года № 710 "Об утверждении Правил ввоза и вывоза лекарственных средств, изделий медицинского назначения, медицинской техники"

Бұйрық · № 367 · қабылданған 08.06.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2009-no-710/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 ноября 2009 года № 710 "Об утверждении Правил ввоза и вывоза лекарственных средств, изделий медицинского назначения, медицинской техники" Күшін жойған Бұйрық ·№ 367 ·08.06.2011
26.06.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 ноября 2009 года № 710 "Об утверждении Правил ввоза и вывоза лекарственных средств, изделий медицинского назначения, медицинской техники"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 367 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 ноября 2009 года № 710 "Об утверждении Правил ввоза и вывоза лекарственных средств, изделий медицинского назначения, медицинской техники"
Атауы (қаз.)
"Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу және әкету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 710 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
367
Қабылданған күні
08.06.2011
Көрсетілген редакция
26.06.2013 AI59360_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007012
ЭКБ идентификаторы
59360
Редакция идентификаторы
AI59360_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:14

0 "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу және әкету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 710 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғарғы органы) 2011 жылғы 19 мамырдағы № 81 шешіміне, сондай-ақ «Кеден одағының сыртқы шекарасына мемлекеттік бақылаудың келісілген түрлерін көшіру бойынша жоспарларды орындау туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы № 644 шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу және әкету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 710 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 26  қарашада № 5913 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жыл, № 3 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелу ережесінде:
5-тармақтың 1) тармақшасының 5 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тек қана Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы саудада өткізу туралы ережелер көрсетілген келісім шарттың (шарттың) көшірмесін, сондай-ақ дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың өндірушісі мен өндіруші ел көрсетілген спецификацияны;».

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Бейсен Н.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнама белгілеген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (Таласпаева А.С.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның заңнама белгілеген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енгізіледі және 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін, Кеден одағының Бірыңғай Кедендік Тарифімен белгіленген мөлшерлерден өзгеше, Қазақстан Республикасының қолданатын мөлшерлері мерзіміне қолданыста болады.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің міндетін атқарушы                       С. Мусинов

Қолданыстағы