О внесении дополнения в приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 ноября 2009 года № 711 "Об утверждении Правил оптовой и розничной реализации лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 ноября 2009 года № 711 "Об утверждении Правил оптовой и розничной реализации лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники"
- Атауы (қаз.)
- "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2009 жылғы 16 қарашадағы № 711 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 368
- Қабылданған күні
- 08.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 06.06.2012 AI59334_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100007016
- ЭКБ идентификаторы
- 59334
- Редакция идентификаторы
- AI59334_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:14
0 "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2009 жылғы 16 қарашадағы № 711 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғарғы органы) 2011 жылғы 19 мамырдағы № 81 шешіміне, сондай-ақ «Кеден одағының сыртқы шекарасына мемлекеттік бақылаудың келісілген түрлерін көшіру бойынша жоспарларды орындау туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы № 644 шешіміне сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2009 жылғы 16 қарашадағы № 711 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 20 қарашада № 5920 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жыл № 4; Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер Бюллетені 2010 жылғы қыркүйек, № 9, 382-құжатта жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу ережесінде:
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы аумақтарында сату үшін емес Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлерінен өзгеше кедендік баж мөлшерлері бойынша үшінші елдерден Қазақстан Республикасына келетін импорттық фармацевтикалық өнімді көтерме саудада өткізу жүзеге асырылады.».