О признании утратившим силу приказа Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 ноября 2009 года № 720 «Об утверждении видов продукции, представляющих опасность для здоровья населения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу приказа Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 ноября 2009 года № 720 «Об утверждении видов продукции, представляющих опасность для здоровья населения»
- Атауы (қаз.)
- «Халық денсаулығына қауіп төндіретін өнім түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 720 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- ҚР ДСМ - 34
- Қабылданған күні
- 23.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 23.04.2021 155302_521620.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022625
- ЭКБ идентификаторы
- 155302
- Редакция идентификаторы
- 155302_521620
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:26
0 «Халық денсаулығына қауіп төндіретін өнім түрлерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 720 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағына және 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Халық денсаулығына қауіп төндіретін өнім түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 720 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5887 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы 20 наурызда жарияланған, № 1) күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.