О внесении изменений в решение Аккольского районного маслихата от 16 марта 2010 года № С 27-3 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Аккольского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Аккольского районного маслихата от 16 марта 2010 года № С 27-3 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Аккольского района"
- Атауы (қаз.)
- Ақкөл аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 16 наурыздағы № С 27-3 "Ақкөл ауданының жеке санаттағы мұқтаждық көруші азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С33-3
- Қабылданған күні
- 08.11.2010
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2011 56166_197293.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10BC000145
- ЭКБ идентификаторы
- 56166
- Редакция идентификаторы
- 56166_197293
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:59
0 Ақкөл аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 16 наурыздағы № С 27-3 "Ақкөл ауданының жеке санаттағы мұқтаждық көруші азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ақкөл ауданы әкімінің ұсынысы негізінде, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Ақкөл аудандық мәслихаттың «Ақкөл ауданының жеке санаттағы мұқтаждық көруші азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 16 наурыздағы № С 27-3 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-3-136 тіркелген, 2010 жылғы 23 сәуірде аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін:
4 абзацта 1) тармақшада «он айлық есептік көрсеткіші» сөздері «елу айлық есептік көрсеткіші» сөздерімен ауыстырылсын;
5 абзацта 1) тармақшада «емделмейтін аурулармен» сөздері «онкологиялық аурулармен» сөздерімен ауыстырылсын; «бес айлық есептік көрсеткіші» сөздері «он айлық есептік көрсеткіші» сөздерімен ауыстырылсын;
3 тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:
«селолық елді мекендерде тұратын аз қамтылған отбасылардың және көп балалы отбасылардың, колледждерде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне, оқу бағасының мөлшерінде оқуы үшін төлем жасауға нотариалды расталған білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарт көшірмесінің және оқу орнынан берілген анықтама негізінде;»;
2 абзацта 4) тармақшада «өтініш берусіз зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталығының тізімдері негізінде» сөздері алынып тасталсын;
2 2. Осы шешім Ақкөл ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақкөл ауданының әкімі А.Үйсімбаев
«Ақкөл ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.Ли
«Ақкөл ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.Мананбаева