О внесении изменений в решение от 16 апреля 2010 года № 28/5-IV "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение от 16 апреля 2010 года № 28/5-IV "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28/5–IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 34/8-IV
- Қабылданған күні
- 27.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 30.01.2015 56424_192828.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VS000138
- ЭКБ идентификаторы
- 56424
- Редакция идентификаторы
- 56424_192828
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:24
0 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28/5–IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес, Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28/5–IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген нөмірі 5–19–119, «ЛЗ Сегодня» газетінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 23 санында жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Тұрғын үй көмегін беру» 2-бөлімнің 8–тармағындағы «медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасын ұсынған жағдайда», «медицина мекемесінің дәрігерлік–кеңес комиссиясының қорытындысын ұсынған жағдайда», «емдеу мекемелерінен анықтама ұсынған жағдайда» сөздері алып тасталсын;
«Тұрғын үй көмегін беру» 2-бөлімнің 21–тармағы алынып тасталсын;
«Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасылардың) жиынтық табысын есептеу» 5–бөлімінің 29–тармағындағы бүкіл мәтін бойынша «анықтама ұсынылғанда» сөздері және «сот орындаушысынан анықтама ұсынылғанда» сөздері алып тасталсын.