О внесении изменений в решение от 16 апреля 2010 года № 28/7-IV "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение от 16 апреля 2010 года № 28/7-IV "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28/7-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 37/7-IV
- Қабылданған күні
- 20.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2012 AI60002_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VL000123
- ЭКБ идентификаторы
- 60002
- Редакция идентификаторы
- AI60002_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:10
0 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 28/7-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес Зырян ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Зырян ауданы мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28/7-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5-12-108, «Зырян-Инфо» газетінде 2010 жылғы 04 маусымда жарияланған, № 16) мынадай өзгерістер енгізілсін:
6 тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
2 «2) отбасында еңбекке жарамды тұлғалары бар, егерде олар жұмыс істемесе, оқымаса, қарулы күштер қатарында болмаса және уәкілетті органдарда тіркелмесе, қоспағанда:
бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға күтім көрсетіп отырған тұлғаларды, сексен жастан асқан тұлғаларға;
мүгедектік тобы жоқ туберкулез, онкология, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған тұлғаларды;
үш жасқа дейін баласын күтумен сонымен қатар, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған аналарды.»;
24 24 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келесі жағдайларда алименттер есептелмейді: