О внесении изменений в решение Алматинского областного маслихата от 16 июня 2010 года № 34-202 "Об установлении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников Алматинской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Алматинского областного маслихата от 16 июня 2010 года № 34-202 "Об установлении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников Алматинской области"
- Атауы (қаз.)
- Алматы облыстық мәслихатының 2010 жылғы 16 маусымдағы "Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" № 34-202 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2-17
- Қабылданған күні
- 12.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 25.07.2018 103492_344468.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16D0003892
- ЭКБ идентификаторы
- 103492
- Редакция идентификаторы
- 103492_344468
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:13
0 Алматы облыстық мәслихатының
2010 жылғы 16 маусымдағы «Алматы
облысының жер үсті көздеріндегі су
ресурстарын пайдаланғаны үшін
төлемақы ставкаларын белгілеу
туралы» № 34-202 шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38- бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінің 487- бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзі-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Алматы облыстық мәслихатының 2010 жылғы 16 маусымдағы «Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы» № 34-202 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 19 шілдесінде № 2056 тіркелген, 2010 жылдың 24 шілдесінде № 87 «Жетісу», 2010 жылғы 24 шілдесінде № 88 «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1)Көрсетілген шешімнің атауында, бүкіл мәтіні бойынша және қосымшасында «ставкаларын», «ставкалары» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерін», «мөлшерлемелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 2)Көрсетілген шешімнің қосымшасындағ 5- жолы «Балық шаруашылығы, су көздерінен балық аулайтын тұтынушылар» алып тасталсын.
2
2. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша С. Т. Бекішов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.