Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 июля 2010 года № 348 "Об утверждении Правил подтверждения налоговыми органами факта уплаты налога на добавленную стоимость по импортированным товарам либо мотивированного отказа в подтверждении"

Бұйрық · № 99 · қабылданған 25.02.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2010-no-348/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 июля 2010 года № 348 "Об утверждении Правил подтверждения налоговыми органами факта уплаты налога на добавленную стоимость по импортированным товарам либо мотивированного отказа в подтверждении" Күшін жойған Бұйрық ·№ 99 ·25.02.2011
02.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 июля 2010 года № 348 "Об утверждении Правил подтверждения налоговыми органами факта уплаты налога на добавленную стоимость по импортированным товарам либо мотивированного отказа в подтверждении"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 99 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 июля 2010 года № 348 "Об утверждении Правил подтверждения налоговыми органами факта уплаты налога на добавленную стоимость по импортированным товарам либо мотивированного отказа в подтверждении"
Атауы (қаз.)
"Салық органдарының импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуі фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
99
Қабылданған күні
25.02.2011
Көрсетілген редакция
02.05.2012 AI57814_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006833
ЭКБ идентификаторы
57814
Редакция идентификаторы
AI57814_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:04

0 "Салық органдарының импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуі фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Салық органдарының импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуі фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6361 болып тіркелген, 2010 жылғы 28 тамыздағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 351-352 (26195) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Салық органдарының импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуі фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту ережесінде:
1-тармағында «Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6319 тіркелген, «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш нысанын, оны толтыру және табыс ету ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 2 шілдедегі № 318 бұйрығының 1-қосымшасы болып танылатыннысаны» деген сөздер «Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген нысан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағының бірінші абзацында «салық төлеушінің салық органына қағаз тасығышта Өтінішті және Салық кодексінің 276-20-бабында көзделген құжаттарды табыс еткен күнінен бастап» деген сөздер «салық органына қағаз тасығышта Өтініш және Салық кодексінің 276-20-бабында көзделген құжаттар келіп түскен күннен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың:
бірінші абзацында:
«5. Белгі қоюдан бас тартқан жағдайда салық органы белгі қою үшін белгіленген мерзімнен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге анықталған сәйкессіздіктер, оларды жою, сондай-ақ табыс етілген Өтінішті (Өтініштерді) кері қайтару қажеттігі туралы және жаңа Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (өтініштерді) табыс ету туралы ұсыныс көрсетілген жазбаша түрде растаудан дәлелді бас тартуды жібереді. Дәлелді бас тартумен бір мезгілде салық заңнамасында көзделген камералды бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберіледі.»;
екінші абзацында «салық төлеушінің салық органына қағаз тасығышта төрт данада Өтінішті және Салық кодексінің 276-20-бабында көзделген құжаттарды табыс еткен күнінен бастап» деген сөздер «салық органына қағаз тасығышта төрт данада Өтініштің және Салық кодексінің 276-20-бабында көзделген құжаттардың келіп түскен күнінен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацы келесі мәтінде жазылсын:
«Дәлелді бас тарту нысаны екі экземплярда басып шығарылады. Бұл ретте дәлелді бас тартудың бір экземпляры салық органында қалдырылады, екінші нысаны Өтініштің үш экземплярымен салық төлеушіге немесе оның өкіліне тапсырылады.»
6-тармағында:
3) тармақшасында мемлекеттік тілдегі мәтінінде өзгеріссіз қалдырылсын;
4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар декларациясымен бір мезгілде табыс етілген Өтініш(терде)те көрсетілген жанама салықтардың есептелген сомалары мерзімінде төленбеген, сондай-ақ толық мөлшерде төленбеген;»;
5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) салық салынатын импорт мөлшері және (немесе) оған байланысты Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіпте кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшеріне түзету жүзеге асырылатын импортталған тауарлар бойынша ҚҚС сомалары төмендетілген;»;
7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Өтінішті толтырудың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген талаптарға сәйкессіздігі.».
Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салықтарының төленуі фактісін растаудан дәлелді бас тарту

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
2011 жылғы 25 ақпандағы № 99
««Салық органдарының импортталған
тауарлар бойынша жанама салықтардың
төленуі фактісін растау не растаудан
дәлелді бас тарту ережесін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2010 жылғы
16 шілдедегі № 348 бұйрығын өзгерістер
енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
қаржы министрінің бұйрығына қосымша
Салық органдарының импортталған
тауарлар бойынша қосылған құн
салықтарының төленуі фактісін растау
не растаудан дәлелді бас тарту
ережесіне қосымша
Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салықтарының төленуі фактісін растаудан дәлелді бас тарту
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20-бабының 7-тармағының негізінде) _____________________________________________________________________
(Салық органының атауы)
Сізге хабарлайды, _____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. немесе салық төлеушінің атауы (салық агенті)
СТН _______________________________________________________ ЖСН (БСН) _____________________________________________________________________
(болған жағдайда толтыруға жатады)
импортталған тауарлар бойынша тауарларды кіргізу және жанама салықтарды төлеуге (328.00 нысан) Өтініш бойынша қосылған құн салығының төленуі фактісін растаудан дәлелдi түрде бас тарту туралы:
Тауарларды кіргізу және жанама салық төлеу туралы Өтініштің нөмірі және күні:
Нөмірі ____________________________ Күні ____________________________
Тауарларды кіргізу және жанама салық төлеу туралы Өтініштің тіркелу нөмірі: _____________________________________________________________
Импортталған тауарлар бойынша жанама салық жөніндегі Декларацияның тіркелу нөмірі: _____________________________________________________
Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі Декларацияның түрлері:_____________________________________________________________
Салық кезеңі: айы ______ жылы _______________
Мына себептер бойынша (тиісті тор көзде көрсетіңіз):
1  импортталған тауарлар бойынша жанама салық жөніндегі
тапсырылған Декларациядағы мәліметтер аталған Өтініштегі
мәліметтермен сәйкес келмеуі, оның ішінде импортталған тауарлар
бойынша жанама салық жөніндегі Декларация бойынша төлеуге
есептелген жанама салықтардың сомалары Өтініштегі есептелген
жанама салықтардың сомасымен сәйкес келмеуі
2  Салық кодексінің 276-20-бабының 3-тармағында көзделген салық
төлеушілермен тапсырылған мәліметтер көрсетілген Өтініштегі
мәліметтермен сәйкес келмеуі
3  салық органына электронды түрде тапсырылған Өтініштегі
деректер, көрсетілген Өтініштегі деректермен сәйкес келмеуі
4  импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың декларациясымен
бір мезгілде табыс етілген Өтініш(терде)те көрсетілген жанама
салықтардың есептелген сомалары төленбеген, сондай-ақ толық
мөлшерде төленбеген
5  салық салынатын импорт мөлшері және (немесе) оған байланысты
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіпте
кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшеріне түзету
жүзеге асырылатын импортталған тауарлар бойынша ҚҚС сомалары
төмендетілген
6  импортталған тауарлар бойынша жанама салық жөніндегі
Декларацияға қосымша болып табылатын тауарларды кіргізу және
жанама салық төлеу туралы Өтініштер тізіліміндегі көрсетілген
Өтініштер санының қағаз тасығышта тапсырылған Өтініштердің
санымен сәйкес келмеуі
7  Өтінішті толтырудың Қазақстан Республикасының салық
заңнамасында көзделген талаптарға сәйкеспеуі
8  импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі
Декларациямен бір мезгілде тапсырылған Өтініштердің бірінде
растаудан бас тарту: ________________________________
Анықталған бұзушылықтың мәні:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жоғарыда жазылғандардың негізінде, Сізге тауарларды кіргізу және жанама салық төлеу туралы тапсырылған Өтінішті қайтару және жаңа Өтініш тапсыру қажет
Салық органының басшысы
(Басшының орынбасары): ____________________________________ _________
(Т.А.Ә.)                 қолы
М.О.
Салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылғаны (жіберілгені) туралы белгі: ______________________________________________________________
(салық органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә., қолы, күні)
Алғаны туралы белгі: ________________________________________________
(салық органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә., қолы, күні)

Қолданыстағы