О внесении изменения и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 июля 2010 года № 351 "Об утверждении Правил освобождения от уплаты налога на добавленную стоимость товаров, временно ввозимых на территорию Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 июля 2010 года № 351 "Об утверждении Правил освобождения от уплаты налога на добавленную стоимость товаров, временно ввозимых на территорию Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы аумағына уақытша әкелінетін тауарларды қосылған құн салығын төлеуден босатудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 351 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 102
- Қабылданған күні
- 25.02.2011
- Көрсетілген редакция
- 02.05.2012 AI57799_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100006807
- ЭКБ идентификаторы
- 57799
- Редакция идентификаторы
- AI57799_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:04
0 "Қазақстан Республикасы аумағына уақытша әкелінетін тауарларды қосылған құн салығын төлеуден босатудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 351 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы аумағына уақытша әкелінетін тауарларды қосылған құн салығын төлеуден босатудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 351 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6359 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2010 жылғы 28 тамызда № 228 (26289) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағына уақытша әкелінетін тауарларды қосылған құн салығын төлеуден босатудың ережесінің:
5-тармағында «салық төлеушінің бюджеттік сыныптамасының» деген сөздер «бюджеттік сыныптамасы бойынша салық төлеушінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармағының 2) тармақшасында «Есепті» деген сөз алдынан «Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерде» деген сөздермен толықтырылсын.