Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 июля 2010 года № 352 "Об утверждении Правил контроля за уплатой налога на добавленную стоимость по выставочно-ярмарочной торговле"

Бұйрық · № 103 · қабылданған 25.02.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2010-no-352/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 июля 2010 года № 352 "Об утверждении Правил контроля за уплатой налога на добавленную стоимость по выставочно-ярмарочной торговле" Күшін жойған Бұйрық ·№ 103 ·25.02.2011
02.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 июля 2010 года № 352 "Об утверждении Правил контроля за уплатой налога на добавленную стоимость по выставочно-ярмарочной торговле"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 103 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 июля 2010 года № 352 "Об утверждении Правил контроля за уплатой налога на добавленную стоимость по выставочно-ярмарочной торговле"
Атауы (қаз.)
"Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығын төлеуге бақылау жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
103
Қабылданған күні
25.02.2011
Көрсетілген редакция
02.05.2012 AI58105_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006819
ЭКБ идентификаторы
58105
Редакция идентификаторы
AI58105_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:04

0 "Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығын төлеуге бақылау жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-18-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығын төлеуге бақылау жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6364 болып тіркелген, 2010 жылғы 27 тамыздағы № 225 (26286) «Егемен Қазақстан» газетінде № 348-350 (26193) жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығын төлеуге бақылау жүргізу ережелерінде:
4-тармақта:
екінші бөлімі мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«аумағынан тауарларды көрме-жәрмеңкелік сауда үшін әкелу жүргізілген кеден одағына мүше мемлекет туралы;»;
төртінші бөлімнің 3) тармақшасы «атқарушы органымен» деген сөздерден кейін «көрме-жәрмеңкелік сауда» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөліммен толықтырылсын:
«Көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізу туралы хабарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұйымдастырушы бұрын берілген хабарламаны қайтарып алу жолымен бір уақытта жаңа хабарламаны берумен жүргізіледі.»;
7-тармақта «Тауарлардың сатып» деген сөздер «Қазақстан Республикасы салық төлеушісі тауарлардың сатып» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақты мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) аумағынан тауарларды көрме-жәрмеңкелік сауда үшін әкелу жүргізілген кеден одағына мүше мемлекет туралы;
3-2) сатылған тауарлардың жалпы құны мен төлеуге тиіс ҚҚС сомасы;»;
көрсетілген Ережелерге 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Ережелерге 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін және оны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

1 Көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарлама

2011 жылғы 25 ақпандағы
«Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша
қосылған құн салығын төлеуге
бақылау жүргізу ережелерін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2010 жылғы
16 шілдедегі № 352 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Қаржы министрінің
№ 103 Бұйрығына 1-қосымша
Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша
қосылған құн салығын төлеуге
бақылау жүргізу Ережесіне
1-қосымша
Көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарлама

1.1 Көрме-жәрмеңкелік саудаға кеден одағына мүше мемлекеттерден қатысушылардың тізімі

Көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу
туралы хабарламаға қосымша
Көрме-жәрмеңкелік саудаға кеден одағына мүше мемлекеттерден қатысушылардың тізімі

2 Көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарлама бойынша есеп

2011 жылғы 25 ақпандағы
«Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша
қосылған құн салығын төлеуге
бақылау жүргізу ережелерін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2010 жылғы
16 шілдедегі № 352 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Қаржы министрінің
№ 103 Бұйрығына 2-қосымша
Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша
қосылған құн салығын төлеуге
бақылау жүргізу Ережесіне
2-қосымша
Көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарлама бойынша есеп

2.1 Көрме-жәрмеңкелік сауданың нәтижелері

Көрме-жәрмеңкелік сауда
өткізу туралы хабарлама
бойынша есепке қосымша
Көрме-жәрмеңкелік сауданың нәтижелері

Қолданыстағы