Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 июля 2010 года № 356 "Об утверждении Правил ведения таможенного реестра объектов интеллектуальной собственности"

Бұйрық · № 599 · қабылданған 30.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2010-no-356/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 июля 2010 года № 356 "Об утверждении Правил ведения таможенного реестра объектов интеллектуальной собственности" Күшін жойған Бұйрық ·№ 599 ·30.12.2014
01.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 июля 2010 года № 356 "Об утверждении Правил ведения таможенного реестра объектов интеллектуальной собственности"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 599 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 июля 2010 года № 356 "Об утверждении Правил ведения таможенного реестра объектов интеллектуальной собственности"
Атауы (қаз.)
"Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 356 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
599
Қабылданған күні
30.12.2014
Көрсетілген редакция
01.02.2018 86632_294292.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14E0010224
ЭКБ идентификаторы
86632
Редакция идентификаторы
86632_294292
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:12

0 "Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 356 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 438-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 356 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6386 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2010 жылғы 25 тамызда № 224 (26285) жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Зияткерлік меншік объектілері Кодексінің 439-бабымен бекітілген шарттар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) шешім қабылдағаннан кейін ЗМО кедендік тізілімге енгізуге жатады.»;
4-тармақта:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«тауардың атауы, қорғау құжатына сәйкес, тауарлардың және қызметтердің халықаралық сыныптамасы бойынша тауарлардың классы, Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша бірінші алты таңба деңгейіндегі тауарлар коды;»;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Комитеттің аумақтық органдарына зияткерлік меншік объектісінің ЗМО кедендік тізіліміне енгізілгені туралы хаттың нөмірі мен күні;»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Зияткерлік меншік объектісін ЗМО кедендік тізіліміне енгізгеннен кейін, Комитет жазбаша нысанда үш жұмыс күні ішінде мәлімдеушіні, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарын ЗМО кедендік тізіліміне зияткерлік меншік объектісі енгізілгені туралы хабардар етеді.
7. Зияткерлік меншік объектісі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 439-бабының 7-тармағына сәйкес ЗМО кедендік тізілімінен шығарылған жағдайда Комитет үш жұмыс күні ішінде мәлімдеушіге, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарын зияткерлік меншік объектісінің ЗМО кедендік тізілімінен шығарылғаны туралы жазбаша хабардар етеді.»;
Көрсетілген қағидаға қосымшада:
3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарлардың атауы, ТҚХС бойынша тауарлардың классы/ КО СЭҚ ТН тауарлардың коды»;
8-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Комитеттің аумақтық органдарына зияткерлік меншік объектісінің ЗМО кедендік тізіліміне енгізілгені туралы хаттың нөмірі мен күні».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде ресми жариялауға жолдауды;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы