Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 16 мая 2011 года № 279 «Об утверждении Инструкции по организации и обслуживанию воздушного движения» и в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 июня 2017 года № 345 «Об утверждении Правил метеорологического обеспечения гражданской авиации»

Бұйрық · № 366 · қабылданған 05.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2011-no-279-14-2017-no-345/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 16 мая 2011 года № 279 «Об утверждении Инструкции по организации и обслуживанию воздушного движения» и в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 июня 2017 года № 345 «Об утверждении Правил метеорологического обеспечения гражданской авиации» Қолданыста Бұйрық ·№ 366 ·05.06.2019
05.06.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 16 мая 2011 года № 279 «Об утверждении Инструкции по организации и обслуживанию воздушного движения» и в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 июня 2017 года № 345 «Об утверждении Правил метеорологического обеспечения гражданской авиации»

Қолданыста Бұйрық ·№ 366 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 16 мая 2011 года № 279 «Об утверждении Инструкции по организации и обслуживанию воздушного движения» и в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 июня 2017 года № 345 «Об утверждении Правил метеорологического обеспечения гражданской авиации»
Атауы (қаз.)
«Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына және «Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
366
Қабылданған күні
05.06.2019
Көрсетілген редакция
05.06.2019 132466_410224.kaz
Соңғы өзгеріс
05.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018808
ЭКБ идентификаторы
132466
Редакция идентификаторы
132466_410224
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:38

0 «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы

16 мамырдағы № 279 бұйрығына және «Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына және «Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы

№ 279 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2011 жылғы
26 шілдедегі № 105 (2095) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) мен 5-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
«5-1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5-2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласының тұрақты дамуын, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;»;
17-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1. Аэронавигациялық ұйым азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жарты жылдық бойынша әуе қозғалысына қызмет көрсету қауіпсіздігінің мерзімдік талдауын ұсынады. Жүргізілетін талдаудың құрылымы мен бағыттары Халықаралық азаматтық авиация ұйымының «Әуе қозғалысын ұйымдастыру» аэронавигациялық қызмет көрсету ережелері (DOC PANS-ATM 4444) құжатының ұсынымдарын ескере отырып айқындалады.»;
17-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17-6. Аэронавигациялық ұйым ӘКҚ қызметіндегі объективті бақылау құралдарының деректерін ажыратып талдау жүргізу негізінде есеп жасайды.
Есеп азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға тоқсан сайын беріледі.».

2 2) «Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің

2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15358 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 тамызда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) мен 7-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
«7-1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7-2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласының тұрақты дамуын, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасында азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды Заңның 35-бабы 1-тармағына сәйкес метеорологиялық өкілетті органның қызметін атқаратын Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.»;
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«52. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес бақылаудың жоғары сапасын және аспаптар мен олардың индикаторларының дұрыс жұмыс істеуін, оларды орнатуды және резервтеуді қамтамасыз ету үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым және АНҚБ АМС-ны және әуеайлақтық метеорологиялық органдарды тексеруді ұйымдастырады.
Бұл ретте АНҚБ өзінің басқаруындағы АМС-ның метеорологиялық жабдығын тексеруді ұйымдастырады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Қолданыстағы