Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра связи и информации Республики Казахстан от 16 ноября 2011 года № 349 «Об утверждении Правил издания документов Национального архивного фонда»

Бұйрық · № 356 · қабылданған 13.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2011-no-349/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра связи и информации Республики Казахстан от 16 ноября 2011 года № 349 «Об утверждении Правил издания документов Национального архивного фонда» Қолданыста Бұйрық ·№ 356 ·13.12.2018
13.12.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра связи и информации Республики Казахстан от 16 ноября 2011 года № 349 «Об утверждении Правил издания документов Национального архивного фонда»

Қолданыста Бұйрық ·№ 356 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра связи и информации Республики Казахстан от 16 ноября 2011 года № 349 «Об утверждении Правил издания документов Национального архивного фонда»
Атауы (қаз.)
«Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 349 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
356
Қабылданған күні
13.12.2018
Көрсетілген редакция
13.12.2018 127545_381455.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017975
ЭКБ идентификаторы
127545
Редакция идентификаторы
127545_381455
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:04

0 «Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 349 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы
22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының
2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің

2011 жылғы 16 қарашадағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7342 болып тіркелген, 2012 жылғы
20 қазандағы № 689-693 (27765) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларында:
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Әрбiр айқындалған құжатқа тақырыптық немесе атаулы карточка жасалады.
Құжаттарды айқындаған кезде, әсіресе басылым тақырыбы бойынша жарияланған деректер мен әдебиеттерді зерттеуге байланысты алдын-ала жұмыс жүргізу кезінде жарияланған құжаттар картотекасын (1-қосымша) және тақырып бойынша әдебиеттерде атап өтілетін фактілердің картотекасын (2-қосымша) жүргізген мақсатқа сай келеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы