О внесении изменения и дополнения в совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 сентября 2011 года № 468, И.о. Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 16 сентября 2011 года № 302 "Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства вопросам исполнения норм налогового законодательства, а также иного законодательства Республики Казахстан, контроль за исполнением которого возложен на органы налоговой службы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 сентября 2011 года № 468, И.о. Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 16 сентября 2011 года № 302 "Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства вопросам исполнения норм налогового законодательства, а также иного законодательства Республики Казахстан, контроль за исполнением которого возложен на органы налоговой службы"
- Атауы (қаз.)
- "Салық заңнамасының, сондай-ақ орындауын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының нормаларын орындау мәселелері жөніндегі жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер деңгейін бағалау өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 468 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 302 бірлескен бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 466
- Қабылданған күні
- 22.10.2012
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2015 AI68495_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200008078
- ЭКБ идентификаторы
- 68495
- Редакция идентификаторы
- AI68495_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:07
0
"Салық заңнамасының, сондай-ақ орындауын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының нормаларын орындау мәселелері жөніндегі жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер деңгейін бағалау өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 468 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 302 бірлескен бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. «Салық заңнамасының, сондай-ақ орындауын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының нормаларын орындау мәселелері жөніндегі жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер деңгейін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 468 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 302 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 10 қазанда № 7251 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2011 жылғы 27 қазанда № 157 (2147) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Салық заңнамасының, сондай-ақ орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының нормаларын орындау мәселелері бойынша көрсетілген Бірлескен бұйрықпен бекітілген жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер деңгейін бағалау өлшемдерінде:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1.1. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғаларды және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларын қоспағанда) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл ішінде жоспарлы тексерулер жүргізуге жол берілмейді.»;
6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Салықтық тексерулер жоспарына енгізілетін салық төлеушілердің жалпы саны былайша бөлінеді:
1) салықтық тексерулер жоспарына енгізілетін салық төлеушілердің жалпы санының кемінде 80 пайызы жоғары дәрежедегі тәуекелге жатқызылған салық төлеушілерге;
2) 15 пайызы орташа дәрежедегі тәуекелге жатқызылған салық төлеушілерге, немесе жоғары дәрежедегі тәуекелге жатқызылған салық төлеушілерге толық іріктеу болмаған жағдайда 15 пайыздан көбі;
3) кемінде 5 пайызы төмен дәрежедегі тәуекелге жатқызылған салық төлеушілерге жатқызылуы тиіс.».