О признании утратившими силу приказов Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 16 февраля 2011 года № 56-ө "Об утверждении Критериев оценки степени рисков" и от 16 февраля 2011 года № 57-ө "Об утверждении формы проверочного листа при осуществлении государственного контроля государственными инспекторами труда"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу приказов Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 16 февраля 2011 года № 56-ө "Об утверждении Критериев оценки степени рисков" и от 16 февраля 2011 года № 57-ө "Об утверждении формы проверочного листа при осуществлении государственного контроля государственными инспекторами труда"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы" 2011 жылғы 16 ақпандағы № 56-ө және "Мемлекеттік еңбек инспекторларының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекіту туралы" 2011 жылғы 16 ақпандағы № 57-ө бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 552
- Қабылданған күні
- 23.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.06.2016 104555_97784.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16GR000552
- ЭКБ идентификаторы
- 104555
- Редакция идентификаторы
- 104555_97784
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:38
0
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» 2011 жылғы 16 ақпандағы № 56-ө және «Мемлекеттік еңбек инспекторларының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекіту туралы» 2011 жылғы 16 ақпандағы № 57-ө бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналардың:
1
1) «Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 56-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6812 болып тіркелген, 2011 жылғы 25 наурыздағы № 4 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында жарияланған);
2
2) «Мемлекеттік еңбек инспекторларының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 57-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6813 болып тіркелген, 2011 жылғы 25 наурыздағы № 4 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апталық мерзімде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
2
2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;