Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города Кокшетау от 16 июня 2011 года № А-6/1250 "Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры, работающих в аульной (сельской) местности"

Қаулы · № А-2/395 · қабылданған 27.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2011-no-61250/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города Кокшетау от 16 июня 2011 года № А-6/1250 "Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры, работающих в аульной (сельской) местности" Күшін жойған Қаулы ·№ А-2/395 ·27.02.2014
27.02.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата города Кокшетау от 16 июня 2011 года № А-6/1250 "Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры, работающих в аульной (сельской) местности"

Күшін жойған Қаулы ·№ А-2/395 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города Кокшетау от 16 июня 2011 года № А-6/1250 "Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры, работающих в аульной (сельской) местности"
Атауы (қаз.)
Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 маусымдағы № А-6/1250 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-2/395
Қабылданған күні
27.02.2014
Көрсетілген редакция
27.02.2014 78295_175619.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14BA004041
ЭКБ идентификаторы
78295
Редакция идентификаторы
78295_175619
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:40

0 Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 маусымдағы № А-6/1250 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18, 238 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Көкшетау қаласы әкімдігінің «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» 2011 жылғы 16 маусымдағы № А-6/1250 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-150 болып тіркелген, 2011 жылдың 21 шілдесінде «Степной маяк» және «Көкшетау» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулының тақырыбы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
қаулының 1 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.»;
қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б.Әміреноваға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Көкшетау қаласы әкімдігінің

2014 жылғы 27 ақпандағы
№ А-2/395 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші.

2 2. Білім беру мамандарының лауазымдары:

директор, директордың орынбасары, мұғалім, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, логопед, мектепке дейінгі оқу орындарының тәрбиеші, медбике, өндірістік оқыту шебері, бастауыш әскери дайындық жөніндегі басшы, аға вожатый, әдіскер, қосымша білім беру педагогы, кітапханашы.

3 3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

директор, директордың орынбасары, көркемдік жетекші, хореограф, әдіскер, дыбыс жөніндегі техник, кітапхана меңгерушісі, аға кітапханашы, жоғары санаттағы кітапханашы.

Қолданыстағы