О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 16 февраля 2011 года № 73 "Об утверждении формы бланка свидетельства о прохождении обязательного технического осмотра"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 16 февраля 2011 года № 73 "Об утверждении формы бланка свидетельства о прохождении обязательного технического осмотра"
- Атауы (қаз.)
- "Міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 73 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 68
- Қабылданған күні
- 09.02.2012
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2015 AI63642_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007433
- ЭКБ идентификаторы
- 63642
- Редакция идентификаторы
- AI63642_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:07
0 "Міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 73 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 7-1-бабының 4) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 73 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6786 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 11 наурыздағы № 76-80 (26482) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкісінің нысанын, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н.Барменқұлов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б.Әбсаттаровқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық жариялауға жатады және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 9 ақпандағы
№ 68 бұйрығына
қосымша
Бланктің нысаны
Міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік
Ескерту: бланк 50x78 мм көлемінде тікбұрыш түрінде жасалады.
Бланктің I және III жолағының түс палитрасы көгілдір түсті, II жолағының түс палитрасы сары түсті болады.