О внесении изменения в постановление акимата от 16 февраля 2011 года № 86 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата от 16 февраля 2011 года № 86 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов»
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 86 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 362
- Қабылданған күні
- 23.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 23.10.2020 147759_487708.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20ND009509
- ЭКБ идентификаторы
- 147759
- Редакция идентификаторы
- 147759_487708
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:11
0 Әкімдіктің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 86 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Лисаков қаласы әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» 2011 жылғы 16 ақпандағы № 86 қаулысына (2011 жылғы 17 ақпанда «Лисаковская новь» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-179 болып тіркелген) Лисаков қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Әкімдіктің
2020 жылғы 23 қазандағы
№ 362 қаулысына
қосымша
Әкімдіктің
2011 жылғы 16 ақпандағы
№ 86 қаулысына
қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№
Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1
Лисаков қаласы
1-шағын аудан:
№ 10 өндірістік ғимараттың жанындағы тұғырлық,
№ 3 тұрғын үйдің жанындағы тұғырлық,
№ 32 коммуналдық қызмет көрсету нысаны жанындағы тұғырлық
2-шағын аудан:
№ 32 сауда нысаны жанындағы тұғырлық
3-шағын аудан:
№ 2 А сауда нысаны жанындағы тұғырлық,
№ 26 сауда нысаны жанындағы тұғырлық
4-шағын аудан:
№ 26 сауда нысаны жанындағы тұғырлық
5-шағын аудан:
№ 4 тұрғын үйдің жанындағы тұғырлық
6-шағын аудан:
№ 1 тұрғын үйдің жанындағы тұғырлық,
№ 1 А сауда нысаны жанындағы тұғырлық
7-шағын аудан:
№ 8 А қоғамдық ұйым нысаны жанындағы тұғырлық
2
Октябрь кенті
«Октябрь кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тұғырлық,
Алматы көшесіндегі № 31 сауда нысаны жанындағы тұғырлық,
Уральская көшесіндегі № 62 В сауда нысаны жанындағы тұғырлық
3
Красногор ауылы
Парковая көшесіндегі № 7/1 сауда нысаны жанындағы хабарландыру тақтасы