О внесении изменений в постановление акимата города Лисаковска от 16 февраля 2011 года № 86 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов»
Қолданыста
Қаулы
·№ 322
·
11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Лисаковска от 16 февраля 2011 года № 86 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов»
- Атауы (қаз.)
- Лисаков қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 86 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 322
- Қабылданған күні
- 07.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 07.09.2021 158483_537055.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21ND024312
- ЭКБ идентификаторы
- 158483
- Редакция идентификаторы
- 158483_537055
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:52
0 Лисаков қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 86 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Лисаков қаласы әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» 2011 жылғы 16 ақпандағы № 86 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-179 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасында үшінші реттік нөмірі бар жолы алып тасталсын.
2. «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Лисаков қалалық
сайлау комиссиясы