О внесении изменения в постановление акимата района от 16 апреля 2012 года № 180 "О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата района от 16 апреля 2012 года № 180 "О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому"
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 180 "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 416
- Қабылданған күні
- 27.09.2012
- Көрсетілген редакция
- 27.09.2012 68272_236814.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NR003855
- ЭКБ идентификаторы
- 68272
- Редакция идентификаторы
- 68272_236814
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:15
0 Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 180 "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Таран ауданы әкімдігінің "Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы" 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 180 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-166 тіркелген, 2012 жылғы 17 мамырда "Маяк" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Тоқсан сайын әрбір балаға сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін.".
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ бастығының міндетін
атқарушы
____________________ Г. Филиппова