Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Карагандинского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 32 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению города Караганды»

Ереже · № 31 · қабылданған 25.05.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2012-no-32/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Карагандинского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 32 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению города Караганды» Күшін жойған Ереже ·№ 31 ·25.05.2023
03.07.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Карагандинского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 32 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению города Караганды»

Күшін жойған Ереже ·№ 31 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Карагандинского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 32 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению города Караганды»
Атауы (қаз.)
Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 32 «Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
31
Қабылданған күні
25.05.2023
Көрсетілген редакция
03.07.2024 182081_709313.kaz
Соңғы өзгеріс
03.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23KA641709
ЭКБ идентификаторы
182081
Редакция идентификаторы
182081_709313
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:46

0 Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 32 «Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 32 «Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8-1-154 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
3 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Шекті-жол берілген шығыстар үлесі зейнеткерлік жасқа жетпеген мүгедектігі бар адамдар (жалғыз тұратын мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар адамдардан тұратын отбасылар, 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар адамдар мен олардың күтімімен айналысатын адамдар) үшін отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 3 пайызы мөлшерінде, өзге санаттардағы азаматтар үшін отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 4 пайызы мөлшерінде белгіленеді.»;
10 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«10. Алкогольге немесе есірткіге тәуелді отбасы мүшелерімен әлде 18 жасқа толмаған адамдармен бірге тұратын және пәтерлердің меншік иесі болып табылатын зейнеткерлерге және мүгедектігі бар адамдарға бір бөлмелі немесе көп бөлмелі пәтерде тұратынына қарамастан, бір адамға тұрғын үй ауданының нормасы (18 шаршы метр) және бір адам үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үй көмегі беріледі.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы