Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 3/3-V "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Риддере"

Ереже · № 23/4-V · қабылданған 20.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2012-no-33-v-ekb-76988/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 3/3-V "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Риддере" Күшін жойған Ереже ·№ 23/4-V ·20.12.2013
16.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 3/3-V "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Риддере"

Күшін жойған Ереже ·№ 23/4-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 3/3-V "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Риддере"
Атауы (қаз.)
"Риддер қаласында тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi және тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" 2012 жылғы 16 сәуiрдегi № 3/3-V Риддер қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
23/4-V
Қабылданған күні
20.12.2013
Көрсетілген редакция
16.02.2015 76988_273653.kaz
Соңғы өзгеріс
16.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13VD003181
ЭКБ идентификаторы
76988
Редакция идентификаторы
76988_273653
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:29

0 "Риддер қаласында тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi және тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" 2012 жылғы 16 сәуiрдегi № 3/3-V Риддер қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Тұрғын үй көмегiн беру Ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТI:

1

1. Риддер қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуiрдегi № 3/3-V «Риддер қаласында тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi және тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы» шешiмiне (нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 5-4-168 тiркелген, 2012 жылғы 08 мамырда № 18 «Риддерские вести» газетiнде жарияланған) келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы»;
шешімнің және қосымшалардың мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша «Ережесі», «Ереже», «Ережелер», «Ережеде», «Ереженің», «Ережесін», «Ережесіне» деген сөздер тиісінше «Қағидасы», «Қағида», «Қағидалар», «Қағидада», «Қағиданың», «Қағидасын», «Қағидасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Тұрғын үй көмегiн беру Ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТI:»;
осы шешіммен бекітілген, Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағидасында:
1 тармақ келесi редакцияда жазылсын:
«Осы Риддер қаласында тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi және тәртiбi туралы Қағидасын бекiту туралы (бұдан әрi – Қағида) аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету көлемi мен тәртiбiн белгiлейдi.»;
4 тармақ келесi редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

1 1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

2 2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерін тұтынуына;

3 3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге.

Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiленген шығыстарының шекті жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.»;
7 тармақтың үшінші азат жолы алынып тасталсын;
11 тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
«11. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) уәкiлеттi органға немесе Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны филиалының Риддерлік бөлiмiне өтiнiш бередi және мынадай құжаттарды ұсынады:»;
11 тармақтың 9) - тармақшасы алынып тасталсын.

2 2. 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін бірінші тармақтың оныншы, он сегізінші, жиырма бірінші азат жолдарды қоспағанда, осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы