Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 3/3-V "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Риддере"

Ереже · № 28/6-V · қабылданған 15.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2012-no-33-v-ekb-81800/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 3/3-V "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Риддере" Күшін жойған Ереже ·№ 28/6-V ·15.07.2014
16.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 3/3-V "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Риддере"

Күшін жойған Ереже ·№ 28/6-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 3/3-V "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Риддере"
Атауы (қаз.)
Риддер қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-V "Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
28/6-V
Қабылданған күні
15.07.2014
Көрсетілген редакция
16.02.2015 81800_273663.kaz
Соңғы өзгеріс
16.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14VD003436
ЭКБ идентификаторы
81800
Редакция идентификаторы
81800_273663
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:07

0 Риддер қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-V "Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңның 97 бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Риддер қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-V «Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-4-168 тіркелген, 2012 жылғы 08 мамырдағы № 18 «Риддерские вести» газетіне жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешім кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Тұрғын үй көмегiн беру Ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТI»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағидасында:
7 тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
«7. Тұрғын үй көмегi ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Өтiнiш тұрғын үй көмегiн тағайындау жөнiндегi мамандармен әзiрленген кестеге сәйкес тоқсан iшiнде қабылданады. Отбасының табысы туралы анықтамалар, коммуналдық қызметтердiң, байланыс қызметтерiнiң төлемi, тұрғын үйдi (тұрғын үй ғимаратын) күтiп ұстау шығындары туралы түбiртектер өтiнiш берген тоқсан алдындағы тоқсанға ұсынылады. Өткен тоқсанға коммуналдық қызметтер төленбеген немесе жартылай төленген жағдайда отбасына тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.»;
12 тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
«12. Тұрғын үй жәрдемақысының негiзсiз алынған сомасы, алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгiленген тәртiпте қайтаруға жатады.»;
15 тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
«15. Ұсынылған құжаттарға сәйкес, тұрғын үй көмегiн есептеген ретте жергiлiктi жылытатын жеке меншiк үйлерде қолданылатын отынның басқа түрлерiнiң құны мен шығын нормасын, көмiрдiң құны мен шығынның эквиваленттi нормасына есептелсiн.»;

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы