Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 3/3-V «Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Риддере»

Ереже · № 30/6-V · қабылданған 24.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2012-no-33-v/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 3/3-V «Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Риддере» Күшін жойған Ереже ·№ 30/6-V ·24.12.2014
16.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 3/3-V «Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Риддере»

Күшін жойған Ереже ·№ 30/6-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 3/3-V «Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Риддере»
Атауы (қаз.)
Риддер қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі №3/3-V «Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
30/6-V
Қабылданған күні
24.12.2014
Көрсетілген редакция
16.02.2015 86188_273655.kaz
Соңғы өзгеріс
16.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14VD003645
ЭКБ идентификаторы
86188
Редакция идентификаторы
86188_273655
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:22

0 Риддер қалалық мәслихатының

2012 жылғы 16 сәуірдегі №3/3-V
«Риддер қаласында тұрғын үй
көмегін көрсету мөлшері және
тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 05 наурыздағы № 185 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Риддер қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-V «Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-168 тіркелген, 2012 жылғы 08 мамырдағы № 18 «Риддерские вести» газетінде жарияланған) төмендегі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
шешім бастамасы келесі редакцияда жазылсын:
«Тұрғын-үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТI:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағидасында:
11 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«11. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) не сенімхат бойынша оның өкілі:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына (бұдан әрі - ХҚО);
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталына (бұдан ары - портал) өтінішпен барады.
Тұрғын үй көмегі үшін ХҚО-на немесе порталға өтініш берген кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 05 наурыздағы № 185 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9 тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесі ұсынылады.

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы