О внесении изменений в решение Кызылординского городского маслихата от 16 июля 2013 года N 19/2 "О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Кызылординского городского маслихата от 16 июля 2013 года N 19/2 "О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций"
- Атауы (қаз.)
- "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі N 19/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 26/3
- Қабылданған күні
- 18.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 01.02.2016 AI77731_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14LA004604
- ЭКБ идентификаторы
- 77731
- Редакция идентификаторы
- AI77731_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:50
0 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі N 19/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. "Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 16 шiлдедегi N 19/2 шешiмiне (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2013 жылғы 13 тамызда N 4490 тіркелген, "Ақмешiт ақшамы" газетiнде 2013 жылғы 21 тамыздағы N 34 (1004), "Ел тілегі" газетінде 2013 жылғы 21 тамыздағы N 34 (298) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3 Қызылорда қалалық мәслихатының
2014 жылғы "18" қаңтардағы
кезектен тыс ХХVI сессиясының
N 26/3 шешіміне қосымша
Қызылорда қалалық мәслихатының
2013 жылғы "16" шілдедегі
кезектен тыс ХIХ сессиясының
N 19/2 шешiмiне қосымша
Қызылорда қаласы бойынша жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу үшiн орындар
1 1. Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлiк орталығының аумағындағы саябақ (Е. Әуелбеков көшесi, N 41).
2 2. М.Ералиева атындағы мәдениет үйi ғимаратының алдындағы алаң
(Ә. Қашаубаев көшесi, нөмiрсiз).