Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Отырарского районного маслихата от 16 августа 2013 года № 17/103-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Ереже · № 23/138-V · қабылданған 21.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2013-no-17103-v-ekb-78242/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Отырарского районного маслихата от 16 августа 2013 года № 17/103-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Күшін жойған Ереже ·№ 23/138-V ·21.02.2014
11.07.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Отырарского районного маслихата от 16 августа 2013 года № 17/103-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Күшін жойған Ереже ·№ 23/138-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Отырарского районного маслихата от 16 августа 2013 года № 17/103-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
Атауы (қаз.)
Отырар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 тамыздағы № 17/103-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
23/138-V
Қабылданған күні
21.02.2014
Қолданысқа енгізілген күні
13.04.2014
Көрсетілген редакция
11.07.2016 78242_96628.kaz
Соңғы өзгеріс
11.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14UI002587
ЭКБ идентификаторы
78242
Редакция идентификаторы
78242_96628
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:47

0 Отырар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 тамыздағы № 17/103-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасында қаржы нарығының тұрақсыздануына байланысты аз қамтылған отбасыларын әлеуметтік тұрғыда қолдау мақсатында 2014 жылы қосымша материалдық көмек көрсету үшін, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Отырар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 тамыздағы 17/103-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2378 нөмірімен тiркелген, 2013 жылғы 27 қыркүйектегі «Отырар алқабы» газетiнде жарияланған) шешiмiне келесі өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген шешiммен бекiтiлген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Әлеуметтік көмек мынадай санаттағы азаматтарға ұсынылады:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне біржолғы 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
2) күтім көрсетуге мұқтаж сексен жастан асқан қарттарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге, ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
3) үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедек балаларға ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
4) жеке оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектерге қоларбамен қамтамасыз етуге:
серуендеуге арналған қоларбаға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
бөлмеге арналған қоларбаға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
мүгедек балаларға 25 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне дейін;
5) зейнеткерлер мен мүгедектерге шипажай немесе оңалту орталықтарына жолдама үшін, біржолғы 37 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
6) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына бiржолғы 22 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне дейін;
7) өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған азаматтарға бiржолғы 300 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне дейін;
8) халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін қолдау мақсатында, Ұлттық валюта курсының төмендеуі орын алған айдан бастап үш ай мерзімде отбасыға ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету. Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап үш айға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста алпыс пайызынан аспайтын табыстың болуы.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтар бір ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру қажет.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы