О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 октября 2013 года № 420 «Об утверждении Типовых правил деятельности организаций высшего и послевузовского образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 октября 2013 года № 420 «Об утверждении Типовых правил деятельности организаций высшего и послевузовского образования»
- Атауы (қаз.)
- «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 420 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 592
- Қабылданған күні
- 29.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2021 125678_559924.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800017638
- ЭКБ идентификаторы
- 125678
- Редакция идентификаторы
- 125678_559924
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:48
0 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 420 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8930 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» газетінің № 77 (28301) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 592 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 16 қазандағы
№ 420 бұйрығына қосымша
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5-баптың 44-5)-тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ЖОО) қызметінің тәртібін айқындайды.
2 2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру келесі ЖОО түрлерінде іске асырылады:
1 1) ұлттық зерттеу университеті;
2 2) ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
3 3) зерттеу университеті;
4 4) университет;
5 5) академия;
6 6) институт;
7 7) консерватория.
3 3. Осы Қағидаларда мына ұғымдар пайдаланылады:
1 1) академия – белгілі бір салада ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
2 2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны;
3 3) зерттеу университеті – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын іске асыратын және білім мен ғылымды интеграциялау, жаңа білімді және технологияларды жинақтау мен трансферттеу үшін өз қызметінің нәтижелерін пайдаланатын университет;
4 4) институт – ғылыми-педагогикалық қызметті, сондай-ақ кәсіби қызмет үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
5 5) университет – әртүрлі салалар бойынша ғылыми-педагогикалық қызметті, кадрлар даярлауды, іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын және жетекші ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
6 6) ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы – ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
7 7) ұлттық зерттеу университеті – ерекше мәртебесі бар зерттеу университеті.
2 2-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары түрлері қызметінің тәртібі
4 4. ЖОО қызметіне тікелей басшылықты ЖОО ректоры жүзеге асырады.
5 5. ЖОО-да жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау ЖОО дербес әзірлейтін білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
6 6. ЖОО-ның оқу-әдістемелік жұмысы:
1 1) академиялық күнтізбені, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу, элективті пәндер каталогын, силлабустарды, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуді;
2
2) оқу пәндерін оқулықтармен, оқу құралдарымен, есептер жинағымен, кешенді тапсырмалармен, зертханалық, бақылау, курстық жұмыстар бойынша құралдармен, пәндерді оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдармен, сондай-ақ ағымдағы, аралық және қорытынды білімді бақылаудың, оқытудың барлық нысандары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың оқу-әдістемелік материалдарымен қамтамасыз етуді;
3 3) кәсіби практикалардың, тағылымдамалардың барлық түрлерінің бағдарламаларын, сондай-ақ дипломдық жұмыстарды (жобаларды), магистрлік және докторлық диссертацияларды (жобаларды) жазу бойынша әдістемелік құралдарды әзірлеуді;
4 4) білім алушылардың оқу материалын меңгеруін арттыратын заманауи білім беру технологиялары мен оқыту әдістерін әзірлеуді;
5 5) іздеу, талдау және қызмет нәтижесін қалыптастыру қабілетін дамытуға бағытталған білім алушылардың өз бетінше жұмыс жасауын оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді;
6 6) оқытушылар мен мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуді қамтиды.
7 7. Академиялық ағынның және топтың толықтырылуын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы дербес айқындайды.
8 8. Ерекше мәртебесі бар жоғарғы және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының функциялары:
1 1) тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан төмен емес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұнын дербес айқындау;
2 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6951 тіркелген) бекітілген Ғылыми дәрежелерді беру қағидаларына сәйкес философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дəрежелерін беру.
9
9. Ғылыми-зерттеу қызметі білім мен ғылымның ықпалдасуын қамтамасыз етуге, осы негізде ғылыми-білім беру процесін, ұлттық инновациялық жүйенің нәтижелілігі мен тиімділігінің маңызды элементі ретінде бәсекеге қабілетті ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамытуға, зияткерлік меншік объектілеріне құқығын іске асыруға бағытталған.