О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 16 октября 2014 года № 09-1732 «Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Управление коммунального хозяйства города Астаны»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 16 октября 2014 года № 09-1732 «Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Управление коммунального хозяйства города Астаны»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 09-1732 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 09-1902
- Қабылданған күні
- 26.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2018 96196_297922.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ABW00970
- ЭКБ идентификаторы
- 96196
- Редакция идентификаторы
- 96196_297922
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:54
0 «Астана қаласының Коммуналдық
шаруашылық басқармасы» мемлекеттік
мекемесі туралы ережені бекіту туралы»
Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы
16 қазандағы № 09-1732 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 09-1732 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 3 қарашада № 848 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 қарашадағы № 126 (3181) «Астана ақшамы», 2014 жылғы 6 қарашадағы № 125 (3201) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулымен бекітілген «Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
14-тармақтағы «жалпыға бірдей әскери міндеттерді орындау аясында іс-шаралар өткізу, Астана қаласын аумақтық қорғауға дайындық, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру» деген сөздер алынып тасталсын;
15-тармақтың 10), 11) тармақшалары алынып тасталсын;
16-тармақтың 32), 33), 34), 35), 36), 37), 39), 40), 41), 42), 43), 44) тармақшалары алынып тасталсын;
«Басқармаға қарасты ұйымдар тізімі» деген бөлімде:
1) тармақшадағы «Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласы аймақтық қорғау бригадасының басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген сөздер «Тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2
2. «Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Кулагин Павел Сергеевичке осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.