О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 16 октября 2014 года № 09-1732 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление коммунального хозяйства города Астаны»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 16 октября 2014 года № 09-1732 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление коммунального хозяйства города Астаны»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 09-1732 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 367-727
- Қабылданған күні
- 28.04.2017
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2018 112559_325769.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G17A367727A
- ЭКБ идентификаторы
- 112559
- Редакция идентификаторы
- 112559_325769
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:14
0 «Астана қаласының Коммуналдық
шаруашылық басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ережені бекіту туралы»
Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 16 қазандағы № 09-1732
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 09-1732 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 848 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 қарашадағы № 126 (3181) «Астана ақшамы», 2014 жылғы 6 қарашадағы
№ 125 (321) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2
2. «Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулының көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
1 «Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістер
Астана қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 367-727
қаулысына қосымша
«Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістер
«Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
барлық мәтін бойынша «сыртқы жарықтандыру,», «сыртқы жарықтандыруды» деген сөздер алып тасталсын;
16-тармақтың 6) тармақшасын келесі редакцияда мазмұндау:
6 6) «салынған, қайта жаңартылған сумен жабдықтау және су бұру инженерлік коммуникациялық желілерді, газ шаруашылығы объектілерін пайдалануға қабылдау бойынша тапсырыс берушінің жұмысын ұйымдастыру»;
16-тармақтың 16) тармақшасында «электр беру желілерін,» деген сөздер алып тасталсын;
«Басқармаға қарасты ұйымдар тізімі» деген бөлімнің 1), 4) тармақшалары алып тасталсын.
_________________________