О внесении изменений в решение районного маслихата от 16 апреля 2014 года № 134 "Об установлении размеров социальной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 16 апреля 2014 года № 134 "Об установлении размеров социальной помощи"
- Атауы (қаз.)
- "Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 134 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 212
- Қабылданған күні
- 30.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2015 95696_40309.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CE004582
- ЭКБ идентификаторы
- 95696
- Редакция идентификаторы
- 95696_40309
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:49
0 «Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін
белгілеу туралы» аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 16 сәуірдегі № 134 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 134 «Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3856 тіркелген, 2014 жылы 29 сәуірде «Ырғыз» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 16 сәуірдегі
№ 134 шешіміне қосымша
Аудандық мәслихаттың
2015 жылғы 30 қазандағы
№ 212 шешіміне қосымша
Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік
көмектің мөлшерлері
1 « 1. Келесі санаттарға:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 мың теңге мөлшерiнде;
Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 50 мың теңге мөлшерiнде;
Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, 9 мамыр- Жеңіс күніне орай 30 мың теңге мөлшерiнде;
Мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 15 мың теңге мөлшерiнде;
Мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерiнде;
Ауған соғысында қайтыс болған ауғандық жауынгерлерінің ата-аналарына және екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерiнде;
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге, қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай 30 мың теңге мөлшерiнде;
18 жасқа дейінгі балаларына атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға 1 маусым - Халықаралық балалар күніне орай 20 мың теңге мөлшерiнде.