Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 июля 2014 года № 137 «Об утверждении Стандарта бухгалтерского учета 33 «Учет и раскрытие информации об операциях по брокерской деятельности»

Қаулы · № 172 · қабылданған 14.10.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2014-no-137-33/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 июля 2014 года № 137 «Об утверждении Стандарта бухгалтерского учета 33 «Учет и раскрытие информации об операциях по брокерской деятельности» Қолданыста Қаулы ·№ 172 ·14.10.2019
14.10.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 июля 2014 года № 137 «Об утверждении Стандарта бухгалтерского учета 33 «Учет и раскрытие информации об операциях по брокерской деятельности»

Қолданыста Қаулы ·№ 172 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 июля 2014 года № 137 «Об утверждении Стандарта бухгалтерского учета 33 «Учет и раскрытие информации об операциях по брокерской деятельности»
Атауы (қаз.)
«Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
172
Қабылданған күні
14.10.2019
Көрсетілген редакция
14.10.2019 135484_424915.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019505
ЭКБ идентификаторы
135484
Редакция идентификаторы
135484_424915
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:13

0 «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты

есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 16 шілдедегі № 137 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы бухгалтерлік есепті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9735 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 қарашада «Заң газеті» газетінде № 169 (2563) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Мақсаты және қолданылу аясы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына, «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген) бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларына, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібіне сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі – брокер) қаржылық есептілікті жасаған кезде қолдануына арналған.»;
2 және 3-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Стандартта пайдаланылатын ұғымдар»;
«3-тарау. Есепке алу және бастапқы тану»;
8-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер брокерлік қызмет көрсету туралы шарт талаптарына сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген клиенттен қабылданған ақшаны брокердің меншікті бухгалтерлік балансында актив ретінде тану критерийлерінің жиынтығында орындалса, онда клиенттен қабылданған ақша баланстық шоттарда көрсетіледі және брокердің меншікті бухгалтерлік балансында меншікті активтер ретінде танылады.
Егер брокерлік қызмет көрсету туралы шарт талаптарына сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген клиенттен қабылданған ақшаны брокердің меншікті бухгалтерлік балансында актив ретінде тану критерийлерінің жиынтығында орындалмаса, онда клиенттен қабылданған ақша баланстық шоттарда көрсетілмейді және брокердің меншікті бухгалтерлік балансында меншікті активтері ретінде танылмайды.»;
4 және 5-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Брокерлік қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуден кірістер (шығыстар)»;
«5-тарау. Ақпаратты ашу»;
6-тарау алып тасталсын.

2 2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

Қолданыстағы