Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 июля 2014 года № 147 «Об утверждении Правил назначения и полномочий временной администрации (временного администратора) банка, страховой (перестраховочной) организации»

Қаулы · № 58 · қабылданған 25.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2014-no-147-ekb-143343/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 июля 2014 года № 147 «Об утверждении Правил назначения и полномочий временной администрации (временного администратора) банка, страховой (перестраховочной) организации» Қолданыста Қаулы ·№ 58 ·25.05.2020
25.05.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 июля 2014 года № 147 «Об утверждении Правил назначения и полномочий временной администрации (временного администратора) банка, страховой (перестраховочной) организации»

Қолданыста Қаулы ·№ 58 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 июля 2014 года № 147 «Об утверждении Правил назначения и полномочий временной администрации (временного администратора) банка, страховой (перестраховочной) организации»
Атауы (қаз.)
«Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
58
Қабылданған күні
25.05.2020
Көрсетілген редакция
25.05.2020 143343_465182.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020765
ЭКБ идентификаторы
143343
Редакция идентификаторы
143343_465182
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:21

0 «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9711 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидаларында:
кіріспесі алып тасталсын;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) банк және өзге де операцияларды жүргізуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан (бұдан әрі – лицензия) айыруға байланысты банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (бұдан әрі – ұйым) уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау тәртібін, ұйымның жұмыс тәртібін және ұйымның уақытша әкімшілігінің өкілеттіктерін айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) уақытша әкiмшiлiк (уақытша басқарушы) – уәкiлеттi орган мүліктiң сақталуын қамтамасыз ету және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру үшiн тағайындайтын орган (бұдан әрі – уақытша әкiмшiлiк);
2) уақытша әкiмшiлiктiң басшысы – уәкiлеттi орган өз қызметкерлерінің ішінен не өзінің қызметкерлері болып табылмайтын адамдардың ішінен тағайындайтын адам;
3) уақытша әкiмшiлiктiң мүшесi – уәкiлеттi орган өз қызметкерлерінің ішінен не өзінің қызметкерлері болып табылмайтын адамдардың ішінен тағайындайтын адам;
4) уәкілетті органның қызметкерлері болып табылмайтын адамдар – депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметкерлері.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Уақытша әкімшілікті тағайындау тәртібі және оның құрамы»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын және депозиттерге міндетті кепілдік беру объектісі болып табылатын жеке тұлғалардың депозиттері бойынша міндеттемелері бар банктің уақытша әкімшілігінің құрамына депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өкілдері кіреді.
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің құрамына Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының өкілдері кіреді.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Уақытша әкімшіліктің өкілеттіктері»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Уақытша әкімшіліктің жұмыс істеу мерзімі ішінде ұйымның ағымдағы міндеттемелерін орындауымен байланысты мәмілелерді, уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымның мүлкімен мәмілелер жасасуға және орындауға, оның ішінде ұйымның кредиторлық берешекті өтеуді қоса алғанда, кез келген нысанда міндеттемелерді орындауына, ыңғайлас біркелкі талаптарды есепке жатқызуды жүзеге асыруға жол берілмейді.
Уақытша әкімшіліктің жұмыс істеу мерзімі ішінде «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заң) сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру объектісі болып табылатын депозит сомасын және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын және депозиторға қатысты кредитор немесе кепілгер болатын банктің қарсы талаптарының сомасын есепке жатқызуды жүзеге асыруға да жол беріледі.»;
16-тармақтың 2), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тағайындалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен (бұдан әрі – № 207 қағидалар) бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларының талаптарына сәйкес ресімделген, қол қою үлгілері мен мөр бедерлері бар жаңа құжаттарды банктерге және банктің корреспонденттік шоттары бар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады;
банктік шоттардағы (оның ішінде шетелдік банктердегі) қалдықтарды ұйымның бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырады және салыстыру қорытындысы бойынша акт жасайды;
мүлікті және олармен жасалған мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарға, сондай-ақ «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» (бұдан әрі – орталық депозитарий), «Қазақстан қор биржасы» және кредиттік бюроларға уәкілетті органның ұйымды лицензиядан айыру және ұйым мүлкінің сақталуын және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктер өтетін уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімдері жайында хабарлайды;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына және мемлекеттік кірістер органдарына ұйымды лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы хабарлайды;
3) ұйымның акционерлеріне, кредиторларына және дебиторларына уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімдерін ұйымның интернет-ресурсында уақытша әкімшілік тағайындалған күннен бастап Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 10:00-ден кешіктірмей хабарландыру жариялау арқылы жібереді;
4) банктің мүлкін сәйкестендіру үшін мамандарды және (немесе) сарапшыларды тарта отырып активтерге, міндеттемелерге (баланстағы және баланстан тыс), ұйымның құжаттарына түгендеу жүргізеді, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және Қағидалардың 6-тарауында белгіленген тәртіп бойынша мүлік пен құжаттарды қабылдау-өткізу актісі бойынша өткізеді;»;
17-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңның 13-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторлардың тізімін, сондай-ақ банкті барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыру күні қабылдау-өткізу актісі жасала отырып қағаз және электрондық тасымалдағыштарда жасалған кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік өтемақысының есебін жібереді;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) лицензиядан айырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18303 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 9 қаулысымен бекітілген Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы-банкке, сондай-ақ соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушының) барлық банк операциялары мен өзге де операциялар жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы-банкке беруді жүзеге асыру қағидаларында белгiленген тәртiппен банктiң активтерін және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы мiндеттемелерiнің бір бөлiгiмен не толық көлемде басқа банкке (банктерге) бiрмезгiлде беру операциясын жүргізу туралы шешiм қабылдайды;»;
4) тармақша алып тасталсын;
18-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айырған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде Сақтандыру туралы заңның 54-1-бабында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17885 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 262 қаулысымен бекітілген Сақтандыру портфелін беру қағидаларында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктерінде көзделген тәртіппен сақтандыру портфелiн беру туралы шешiм қабылдайды;»;
18-1-тармақ алып тасталсын;
4, 5 және 6-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Уақытша әкімшіліктің шығыстарын жүзеге асыру, уәкілетті органға ақпарат ұсыну
5-тарау. Ұйымның ақша қаражатын және басқа құндылықтарын тексеру (ревизия), ұйымның мүлкін және құжаттарын түгендеу, қабылдау-өткізу
6-тарау. Уақытша әкімшілік қызметінің аяқталуы»;
Қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша әкімшілік шығыстарының сметасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және

3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі Басқармасының
2020 жылғы 25 мамыры № 58
қаулысына қосымша
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының уақытша әкімшілігін
(уақытша басқарушысын) тағайындау
және олардың өкілеттіктері
қағидаларына қосымша
Нысан
«Бекітілді»
Уақытша әкімшілік басшысы
_______________________________
(қолы)
20___ жылғы «____» _______________

Шы­ғы­стар бап­та­ры­ның ата­уы
Жос­пар­лан­ған шы­ғы­стар со­ма­сы (мың тең­ге­мен)
1
2
3
1
Қыз­мет­кер­лер­ге ең­бе­ка­қы тө­леу
1.1
Ұй­ым­ның ең­бек шар­тта­ры негі­зін­де жұ­мыс іс­тей­тін қыз­мет­кер­ле­ріне ең­бек ақы тө­леу
1.1.1
Ла­у­а­зым­дық жа­ла­қы
1.1.2
Та­быс са­лы­ғы
1.1.3
Мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры
1.2
Өте­улі қыз­мет көр­се­ту шар­тта­ры бой­ын­ша қыз­мет көр­се­те­тін тұ­лға­лар­ға ең­бе­ка­қы тө­леу
1.2.1
көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер үшін ақы тө­леу
1.2.2
же­ке та­быс са­лы­ғы
1.2.3
мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры
2
Бюд­жет­ке ауда­рым­дар
2.1
Әле­умет­тік ауда­рым­дар және са­лық­тар, оның ішін­де әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру қо­ры­на ауда­рым­дар
2.2
Са­лық­тар
2.3
Тө­лем­дер
2.4
Өзге де ауда­рым­дар және бас­қа да бюд­жет­ке тө­ле­не­тін мін­дет­ті тө­лем­дер
3
Әкім­ші­лік шы­ғы­стар
3.1
Қыз­мет­тік және ша­ру­а­шы­лық қа­жет­тікке ар­нал­ған кө­лік­ті жал­дау қыз­мет­те­рі
3.2
Бай­ла­ныс қыз­мет­те­рі (те­ле­ком­му­ни­ка­ция шы­ғы­ста­ры, те­ле­фон, те­ле­граф пай­да­лан­ға­ны үшін або­нент­тік тө­лем, қа­ла­ара­лық және ха­лы­қа­ра­лық сөй­ле­су шы­ғы­ста­ры, по­шта және анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі көр­се­те­тін қыз­мет­тер)
3.3
Үй­лер мен ғи­ма­рат­тар­ды (мен­шік­ті және ке­пі­л­ге қой­ы­л­ған) кү­зе­ту және сиг­на­ли­за­ция қыз­мет­те­рі
3.4
Кө­лік­ті кү­зе­ту қыз­мет­те­рі
3.5
Кө­лік­тер­ге ар­нал­ған тұ­рақ­тар ұсы­ну қыз­мет­те­рі
3.6
Кө­лік тір­кеу қыз­мет­те­рі
3.7
Кө­лік­ті тех­ни­ка­лық ба­қы­ла­удан өт­кі­зу қыз­мет­те­рі
3.8
Кө­лік­ті сақ­тан­ды­ру қыз­мет­те­рі
3.9
Қыз­мет­кер­ді жа­за­тай­ым оқи­ға­лар­дан мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру бой­ын­ша сақ­тан­ды­ру сый­лы­қа­қы­сын тө­леу қыз­мет­те­рі
3.10
Ком­му­нал­дық қыз­мет­тер
3.11
Мер­ді­гер­лік тә­сіл­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­тын негіз­гі құ­рал-жаб­дық­тар­ды және та­у­ар-ма­те­ри­ал­дық құн­ды­лық­тар­ды ағым­да­ғы жөн­деу, тех­ни­ка­лық, сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту (қа­рап тек­се­ру) жұ­мыста­ры
3.12
Үй-жай­ды жал­дау
3.13
Жы­л­жы­май­тын мү­лік құқы­ғын тір­кеу қыз­мет­те­рі
3.14
Мү­лік­ті ба­ға­лау қыз­мет­те­рі
3.15
Бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да жа­ри­я­лау қыз­мет­те­рі
3.16
Жы­лы­ту жүй­е­сін іс­ке қо­су­ға дай­ын­дау қыз­мет­те­рі
3.17
Сан­тех­ни­ка­лық жұ­мыстар
3.18
Мү­лік­ті сақ­тау қыз­мет­те­рі
3.19
Құ­жат­тар­ды но­та­ри­ат­тық ку­әлан­ды­ру және апо­стиль­деу қыз­мет­те­рі
3.20
Мү­лік­ті та­сы­мал­дау, ти­еу, тү­сі­ру қыз­мет­те­рі
3.21
Аук­ци­он­дар­ды (са­уда-сат­тық­ты) ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу қыз­мет­те­рі
3.22
Ин­кас­са­ци­я­лау қыз­мет­те­рі
3.23
Са­рап­та­ма жүр­гі­зу қыз­мет­те­рі
3.24
Аудит жүр­гі­зу қыз­мет­те­рі
3.25
Құ­жат­тар­ды ауда­ру қыз­мет­те­рі
3.26
Те­ле­фон нө­мір­ле­рін ор­на­ту, ауы­сты­ру және ауда­ру
3.27
Ор­та­лық де­по­зи­та­рий қыз­мет­те­рі
3.28
Банк шо­ты­на қыз­мет көр­се­ту, банк шо­тын ашпай жү­зе­ге асы­ры­л­ған тө­лем­дер мен ақ­ша ауда­рым­да­ры бой­ын­ша қыз­мет­тер
3.29
Құ­жат­тар­ды ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық өң­деу және олар­ды мұ­ра­ғат­қа өт­кі­зу қыз­мет­те­рі
3.30
Же­ке сот орын­да­у­шы­ла­ры­ның қыз­мет­те­рі
3.31
Кол­лек­тор­лық қыз­мет­тер
4
Та­у­ар-ма­те­ри­ал­дық құн­ды­лық­тар­ды са­тып алу шы­ғы­ста­ры
4.1
Офи­стік жаб­дық­ты жұ­мыс күй­ін­де ұстау шы­ғы­ста­ры
4.2
Кө­лік құ­рал­да­рын кү­тіп-ұстау шы­ғы­ста­ры
4.3
Үй-жай­лар­ды кү­тіп-ұстау шы­ғы­ста­ры
4.4
Қа­ғаз және бланк өнім­де­рін са­тып алу шы­ғы­ста­ры
4.5.
Кең­се та­у­ар­ла­рын са­тып алу шы­ғы­ста­ры
4.6
Жа­нар-жа­ғар май ма­те­ри­ал­да­рын са­тып алу шы­ғы­ста­ры
5
Іс­са­пар шы­ғы­ста­ры
6
Қа­те нұс­қау бой­ын­ша ке­ліп түс­кен ақ­ша­ны қай­та­ру шы­ғы­ста­ры
7
Банк­тің ак­тив­те­рі мен мін­дет­те­ме­ле­рін бас­қа банк­ке (банк­тер­ге) бір­мез­гіл­де бе­ру бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гізу­ге ар­нал­ған банк шы­ғы­ста­ры
8
Сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ы­мы­ның сақ­тан­ды­ру порт­фе­лін то­лық кө­лем­де бас­қа сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы­на бе­ру бой­ын­ша шы­ғы­ста­ры
9
Көз­дел­ме­ген шы­ғы­стар
Бір ай­да­ғы жиын­тығы
Бас бухгалтер ________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болса) (қолы)
Орындаушы __________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болса) (қолы)
Телефон нөмірі __________________________________

Қолданыстағы