Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 16 мая 2014 года № 225 «Об утверждении Правил оперирования, перемещения, использования, пополнения материальных ценностей оперативного резерва уполномоченного органа в сфере гражданской защиты»

Бұйрық · № 18 · қабылданған 20.01.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2014-no-225-ekb-152482/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 16 мая 2014 года № 225 «Об утверждении Правил оперирования, перемещения, использования, пополнения материальных ценностей оперативного резерва уполномоченного органа в сфере гражданской защиты» Қолданыста Бұйрық ·№ 18 ·20.01.2021
20.01.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 16 мая 2014 года № 225 «Об утверждении Правил оперирования, перемещения, использования, пополнения материальных ценностей оперативного резерва уполномоченного органа в сфере гражданской защиты»

Қолданыста Бұйрық ·№ 18 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 16 мая 2014 года № 225 «Об утверждении Правил оперирования, перемещения, использования, пополнения материальных ценностей оперативного резерва уполномоченного органа в сфере гражданской защиты»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18
Қабылданған күні
20.01.2021
Көрсетілген редакция
20.01.2021 152482_507203.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022125
ЭКБ идентификаторы
152482
Редакция идентификаторы
152482_507203
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:47

0 «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы №225 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9508 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 4 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) жедел резервтің үйлестірушісі – жедел резервтің материалдық құндылықтарымен операция жүргізуге бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Уәкілетті орган жедел резервінің мақсаты»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Уәкілетті органның негізгі міндеттері мен функциялары»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің міндеті (бұдан әрі – Министрлік) жедел резервті құру және оны қолдану болып табылады.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтармен операция жүргізу»;
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар – Министрліктің «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – «Апаттар медицинасы орталығы» ММ) ведомстволық бағынысты ұйымдарында;»;
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) техника, шатырлар, шаруашылық мүлкі, заттай мүлік, гигиеналық құралдар - Министрлік азаматтық қорғанысының әскери бөлімдерінде сақталады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жедел резервті шығару (пайдалану) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің немесе оның міндетін атқаратын вице-министрдің шешімімен жүзеге асырылады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Жедел резервтің материалдық құндылықтарын сақтау орындарынан мақсаты бойынша пайдалану орындарына дейін және кері орнын ауыстыру Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің шешімі бойынша көлік құралдарымен жүзеге асырылады.»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарын жаңарту тәртібі»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Жедел резервтің материалдық құндылықтары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің шешімі негізінде сақтау, жарамдылық мерзімдерінің аяқталуына немесе тозуына қарай жаңартылады.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Берілген өтінімдер негізінде жедел резервті үйлестіруші Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің тиісті бұйрығын әзірлейді, онда жедел резервтің жаңартылатын материалдық құндылықтарын одан әрі пайдалану және толтыру тәртібі көрсетіледі.»;
21-тармақ алып тасталсын;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жаңарту «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығының «Қорларды есепке алу тәртібі» 8-тарауына және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедгі Кодексінің 250-бабына сәйкес жүзеге асырылады».

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамсыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған бірінші күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

Қолданыстағы