Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 16 мая 2014 года № 225 «Об утверждении Правил оперирования, перемещения, использования, пополнения материальных ценностей оперативного резерва уполномоченного органа в сфере гражданской защиты»

Бұйрық · № 119 · қабылданған 03.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2014-no-225-ekb-208900/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 16 мая 2014 года № 225 «Об утверждении Правил оперирования, перемещения, использования, пополнения материальных ценностей оперативного резерва уполномоченного органа в сфере гражданской защиты» Қолданыста Бұйрық ·№ 119 ·03.04.2025
03.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 16 мая 2014 года № 225 «Об утверждении Правил оперирования, перемещения, использования, пополнения материальных ценностей оперативного резерва уполномоченного органа в сфере гражданской защиты»

Қолданыста Бұйрық ·№ 119 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 16 мая 2014 года № 225 «Об утверждении Правил оперирования, перемещения, использования, пополнения материальных ценностей оперативного резерва уполномоченного органа в сфере гражданской защиты»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
119
Қабылданған күні
03.04.2025
Көрсетілген редакция
03.04.2025 208900_752778.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035938
ЭКБ идентификаторы
208900
Редакция идентификаторы
208900_752778
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:15

0 «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервіне операция жасау, орнын ауыстыру, пайдалану, материалдық құндылықтарды толықтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9508 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервіне операция жасау, орнын ауыстыру, пайдалану, материалдық құндылықтарды толықтыру қағидаларында:
3-тараудың 15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Жедел резервтегі материалдық құндылықтар азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу саласында басшылықты жүзеге асыратын ведомство басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімі негізінде, сақтау мерзімі, жарамдылық мерзімі аяқталған және (немесе) тозуына байланысты, сондай-ақ оларды ұзақ сақтау мерзімі бар ұқсас материалдық құндылықтармен бір мезгілде алмастыру арқылы жаңартылады.
Бұл ретте жаңартылған жедел резервтегі материалдық құндылықтар азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары мен әскери бөлімдерінің бөлімшелеріне (қызметтеріне) қызметтік қызметте пайдалану үшін беріледі.»;
3-тараудың 18-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Жедел резервтегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 250-бабына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының «Қорларды есепке алу тәртібі» 8-тарауына сәйкес жүзеге асырылады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6443 тіркелген).
Сақтау мерзімі мен жарамдылық мерзімі аяқталған сайын, жедел резервтегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жарамдылық мерзімінің қалдығын ескере отырып, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалдарының медициналық бригадаларының күнделікті қызметінде пайдалану үшін беріледі:
негізгі жарамдылық мерзімі 2 (екі) жылдан кем болған жағдайда – жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) ай бұрын беріледі;
негізгі жарамдылық мерзімі 2 (екі) жыл және одан көп болған жағдайда – жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын беріледі.
Бұл ретте дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жедел резервті ұзақ жарамдылық мерзімі бар ұқсас дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен бір мезгілде толықтырусыз алынбайды.»

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

Қолданыстағы