О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 16 мая 2014 года № 225 «Об утверждении Правил оперирования, перемещения, использования, пополнения материальных ценностей оперативного резерва уполномоченного органа в сфере гражданской защиты»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 16 мая 2014 года № 225 «Об утверждении Правил оперирования, перемещения, использования, пополнения материальных ценностей оперативного резерва уполномоченного органа в сфере гражданской защиты»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 154
- Қабылданған күні
- 25.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2015 89586_22274.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010934
- ЭКБ идентификаторы
- 89586
- Редакция идентификаторы
- 89586_22274
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:27
0 «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті
орган жедел резервінің материалдық
құндылықтарымен операция жүргізу,
олардың орнын ауыстыру, пайдалану,
толықтыру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы
№ 225 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 9508 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 4 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жариялауды қамтамасыз етсін. »;
бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасына (В.В. Петров) жүктелсін. »;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларында:
1-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) жедел резервті үйлестіруші - жедел резервтің материалдық құндылықтарымен операцияның жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) міндеті жедел резервті құру және қолдану болып табылады.»;
8-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар – Министрліктің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - Комитет) «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - «Апаттар медицинасы орталығы» ММ) ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
2) техника, шатырлар, шаруашылық мүлкі, тамақ өнімдері, жанар-жағар май материалдары, заттай мүлік, гигиеналық құралдар, кеңсе тауарлары, байланыс құралдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде (бұдан әрі – азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері) сақталады.»
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. «Апаттар медицинасы орталығы» ММ ведомстволық бағынысты ұйымдары, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері сақтауға берілген жедел резервтің материалдық құндылықтарының сапалық және сандық сақталуына жауапкершілікте болады.
11. Жедел резервті шығару (пайдалану) Комитеттің ұсынысымен және одан әрі Ішкі істер министрінің немесе оның міндеттерін атқаратын министр орынбасарының шешімімен жүзеге асырылады.»;
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Мақсаты бойынша пайдаланғаннан кейін техника, шатырлар, шаруашылық мүлкі, байланыс құралдары тиісті техникалық қызмет көрсетуге (жөндеуге) және одан әрі жедел резервке салуға жатады.
16. Жедел резервтің материалдық құндылықтарын сақтау орындарынан мақсаты бойынша пайдалану орындарына дейін және кері орнын ауыстыру Ішкі істер министрінің шешімі бойынша көлік құралдарымен жүзеге асырылады.»;
19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жедел резервтің материалдық құндылықтарының жарамдылық (сақтау) мерзімдері аяқталу кезеңінде немесе мақсатқа сай пайдаланғаннан кейін «Апаттар медицинасы орталығы» ММ басшылары және азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің командирлері жедел резервті үйлестірушінің атына оларды жаңартуға өтінім береді, онда жаңартуға жататын материалдық құндылықтарды жаңарту себебі, олардың тізбесі, көлемі (саны) және құны көрсетіледі.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Берілген өтінімдер негізінде жедел резервті үйлестіруші Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің тиісті бұйрығын әзірлейді, онда жедел резервтің жаңартылатын материалдық құндылықтарын одан әрі пайдалану және толтыру тәртібі көрсетіледі.»;
21-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Жедел резервтің тамақ өнімдерін азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің ағымдағы үлесінің тамақ өнімдері есебінен тең мөлшерде жаңартуға рұқсат беріледі. Бұл ретте өнімдердің сол немесе өзге атауларының жарамдылық мерзімдеріне сәйкес жаңарту жоспарлылығы ескеріледі.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жаңарту «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығының «Запастарды есепке алу тәртібі» 8-тарауына және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 79-бабына сәйкес жүзеге асырылады.».