О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 16 мая 2014 года № 225 «Об утверждении Правил оперирования, перемещения, использования, пополнения материальных ценностей оперативного резерва уполномоченного органа в сфере гражданской защиты»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 16 мая 2014 года № 225 «Об утверждении Правил оперирования, перемещения, использования, пополнения материальных ценностей оперативного резерва уполномоченного органа в сфере гражданской защиты»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 350
- Қабылданған күні
- 22.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 20.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 22.08.2025 213825_777380.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036676
- ЭКБ идентификаторы
- 213825
- Редакция идентификаторы
- 213825_777380
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:40
0 «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9508 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларында:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резерві - белгілі бір номенклатура мен көлемдегі техника және материалдық құндылықтар (бұдан әрі - материалдық құндылықтар), оның ішінде дәрілік заттар, медициналық бұйымдардың запастары;»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервін құру және пайдалану»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтармен операция жүргізу»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Жедел резервтегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 250-бабына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының «Қорларды есепке алу тәртібі» 8-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
Сақтау мерзімі мен жарамдылық мерзімі аяқталған сайын, жедел резервтегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жарамдылық мерзімінің қалдығын ескере отырып, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалдарының медициналық бригадаларының күнделікті қызметінде пайдалану үшін беріледі:
негізгі жарамдылық мерзімі 2 (екі) жылдан кем болған жағдайда – жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) ай бұрын беріледі;
негізгі жарамдылық мерзімі 2 (екі) жыл және одан көп болған жағдайда – жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын беріледі.
Бұл ретте дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жедел резервті ұзақ жарамдылық мерзімі бар ұқсас дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен бір мезгілде толықтырусыз алынбайды.».