О внесении изменений и дополнения в решение Риддерского городского маслихата от 16 апреля 2014 года № 26/9-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Риддерского городского маслихата от 16 апреля 2014 года № 26/9-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 26/9-V Риддер қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4/8-VI
- Қабылданған күні
- 20.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 04.03.2021 105622_528007.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16VD004648
- ЭКБ идентификаторы
- 105622
- Редакция идентификаторы
- 105622_528007
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:19
0 «Әлеуметтік көмек көрсетудің,
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларын
бекіту туралы» 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 26/9-V
Риддер қалалық мәслихатының шешіміне
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Риддер қалалық мәслихатының 2014 жығы 16 сәуірдегі № 26/9-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3341 тіркелген, 2015 жылғы 03 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 06 маусымдағы № 23 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
1 - бөлімі 1-тармағы:
мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
«1) Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) – мемлекеттік қызметтер көрсету үшін, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін қызметті алушыға "бір терезе" қағидаты бойынша беру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетуді электрондық нысанда қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға;»;
1-бөлімнің 1) тармақшасы 1-1) тармақша болып саналсын;
1-бөлімнің 8) тармақшасы алынып тасталсын;
2-бөлімнің 8-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«Адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселік мөлшерінде белгіленсін»;
2-тараудың 11-тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
3) Радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын халықаралық Еске алу күні-26 сәуір:
«1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 65 000 (алпыс бес мың) теңге»;
«1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға – 5 000 (бес мың) теңге;
3 - тараудың 24 - тармағы алынып тасталсын.