О внесении изменений и дополнения в решение Риддерского городского маслихата от 16 апреля 2014 года № 26/9 -V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Риддерского городского маслихата от 16 апреля 2014 года № 26/9 -V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жығы 16 сәуірдегі № 26/9-V Риддер қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32/8-V
- Қабылданған күні
- 18.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 04.03.2021 88768_528013.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VD003864
- ЭКБ идентификаторы
- 88768
- Редакция идентификаторы
- 88768_528013
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:04
0 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекеленген санаттарының
тізбесін айқындау қағидаларын бекіту
туралы» 2014 жығы 16 сәуірдегі № 26/9-V
Риддер қалалық мәслихатының шешіміне
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Риддер қалалық мәслихатының 2014 жығы 16 сәуірдегі № 26/9-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3341 тіркелген, 2014 жылғы 06 маусымдағы № 23 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
11 тармақтың 5 тармақшасының жетінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
«қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен әрi «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарға – 90000 (тоқсан мың) теңге»;
11 тармақтың 5 тармақшасының сегізінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
«екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 90000 (тоқсан мың) теңге»;
11 тармақтың 5 тармақшасының тоғызыншы азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
«қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыптарына - 90000 (тоқсан мың) теңге»;
11 тармақтың 5 тармақшасының оныншы азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерімен наградталғандарға - 25000 (жиырма бес мың) теңге»;
11 тармақтың 5 тармақшасы келесі мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
«жеңілдіктер және кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына: Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 60000 (алпыс мың) теңге;».