Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Риддерского городского маслихата от 16 апреля 2014 года № 26/9-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 40/9-V · қабылданған 22.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2014-no-269-v-ekb-98719/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Риддерского городского маслихата от 16 апреля 2014 года № 26/9-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 40/9-V ·22.12.2015
04.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Риддерского городского маслихата от 16 апреля 2014 года № 26/9-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 40/9-V · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Риддерского городского маслихата от 16 апреля 2014 года № 26/9-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесіна йқындау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жығы 16 сәуірдегі № 26/9-V Риддер қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
40/9-V
Қабылданған күні
22.12.2015
Көрсетілген редакция
04.03.2021 98719_527995.kaz
Соңғы өзгеріс
04.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15VD004358
ЭКБ идентификаторы
98719
Редакция идентификаторы
98719_527995
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:54

0 «Әлеуметтік көмек көрсетудің,

оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекеленген санаттарының тізбесін
айқындау қағидаларын бекіту туралы»
2014 жығы 16 сәуірдегі № 26/9-V
Риддер қалалық мәслихатының шешіміне
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Риддер қалалық мәслихатының 2014 жығы 16 сәуірдегі № 26/9-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3341 тіркелген, 2014 жылғы 06 маусымдағы № 23 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
2 бөлімнің 10 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«10. Табыстарын есептеусіз ай сайынғы әлеуметтік көмек түберкүлездің белсенді түрімен ауыратын және амбулаториялық емделуде тұрған азаматтарға, жол жүрулеріне және қосымша азықтарына – күніне 400 (төрт жүз) теңге беріледі.»;
11 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні - 26 сәуір:
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС–індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 160000 (бір жүз алпыс мың) теңге;
1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС–індегі апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға – 100000 (бір жүз мың) теңге;»;
11 тармақтың 5) тармақшасының екінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 130000 (бір жүз отыз мың) теңге;»;
11 тармақтың 5) тармақшасының сегізінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
«қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен әрi «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарға – 70000 (жетпіс мың) теңге;»;
11 тармақтың 5) тармақшасының тоғызыншы азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
«екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 70000 (жетпіс мың) теңге;»;
11 тармақтың 5) тармақшасының оныншы азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
«қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыптарына – 70000 (жетпіс мың) теңге;»
11 тармақтың 5) тармақшасының он бірінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерімен наградталғандарға - 5000 (бес мың) теңге;»;
11 тармақтың 5) тармақшасы келесі мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
«1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 2000 (екі мың) теңге;

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы