О внесении изменений в решение Астраханского районного маслихата от 16 сентября 2014 года № 5С-35-2 «Об определении порядка и размера на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Астраханского районного маслихата от 16 сентября 2014 года № 5С-35-2 «Об определении порядка и размера на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов»
- Атауы (қаз.)
- Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 5С-35-2 «Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6С-12-3
- Қабылданған күні
- 09.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2016 109287_146198.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BF005718
- ЭКБ идентификаторы
- 109287
- Редакция идентификаторы
- 109287_146198
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:58
0 Астрахан аудандық мәслихатының
2014 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 5С-35-2 «Мүгедектер
қатарындағы мүмкіндігі
шектеулі балаларды үйде
оқытуға тәртібін және
мөлшерін белгілеу туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Астрахан аудандық мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы» 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 5С-35-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4392 тіркелген, 2014 жылғы 24 қазанда аудандық «Маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы»;
2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жүмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері ай сайын әр балаға үш айлық есептік көрсеткіш болып айқындалсын.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Астрахан ауданының әкімі Т. Ерсейітов
9.12.2016 ж.