О внесении изменений в решение Астраханского районного маслихата от 16 сентября 2014 года № 5С-35-2 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Астраханского районного маслихата от 16 сентября 2014 года № 5С-35-2 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану»
- Атауы (қаз.)
- Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 5С-35-2 «Мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8С-10-2
- Қабылданған күні
- 14.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2023 186370_654453.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23BF862503
- ЭКБ идентификаторы
- 186370
- Редакция идентификаторы
- 186370_654453
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:49
0 Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 5С-35-2 «Мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Астрахан аудандық мәслихатының «Мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 5С-35-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4392 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы»;
шешімнің 1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
««Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (әрі қарай – Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.»;
3 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.»;
7 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері ай сайын оқу жылына мүгедектігі бар әрбір балаға үш айлық есептік көрсеткішке тең.».