Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в постановление акимата района от 16 января 2015 года № 10 «Об установлении размера арендной платы в арендных домах государственного жилищного фонда Байганинского района»

Қаулы · № 162 · қабылданған 19.09.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2015-no-10-ekb-107178/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнения в постановление акимата района от 16 января 2015 года № 10 «Об установлении размера арендной платы в арендных домах государственного жилищного фонда Байганинского района» Күшін жойған Қаулы ·№ 162 ·19.09.2016
10.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в постановление акимата района от 16 января 2015 года № 10 «Об установлении размера арендной платы в арендных домах государственного жилищного фонда Байганинского района»

Күшін жойған Қаулы ·№ 162 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в постановление акимата района от 16 января 2015 года № 10 «Об установлении размера арендной платы в арендных домах государственного жилищного фонда Байганинского района»
Атауы (қаз.)
«Байғанин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
162
Қабылданған күні
19.09.2016
Көрсетілген редакция
10.03.2021 107178_516799.kaz
Соңғы өзгеріс
10.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16CD005106
ЭКБ идентификаторы
107178
Редакция идентификаторы
107178_516799
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:45

0 «Байғанин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 10 «Байғанин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4192 тіркелген, 2015 жылғы 19 ақпанда аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) қаулысына келесідей толықтыру енгізілсін:
осы қаулының қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Ерғалиевке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Екі пәтерлі тұрғын үйлер (орналасқан мекен-жайы: Қарауылкелді ауылы, Ержанов көшесі, № 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27 үйлер)

Аудан әкімдігінің
2016 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 162 қаулысына қосымша
Аудан әкімдігінің
2016 жылғы 16 қаңтардағы
№ 10 қаулысына 3 қосымша
Байғанин ауданының мемлекеттік тұрғын-үй қорынан жалға берілген үйлердегі үй-жайды пайдаланғаны үшін белгіленген ай сайынғы жалдау ақы мөлшері
Екі пәтерлі тұрғын үйлер (орналасқан мекен-жайы: Қарауылкелді ауылы, Ержанов көшесі, № 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27 үйлер)
2015 жылы салынған тұрғын үйдің бір пәтерінің сметалық құны– 7 798 895 теңге;
Ц – 2015 жылы салынған тұрғын үйдің 1 (бір) шаршы метрінің құны– 104 824 теңге;
Е – 2015 жылы салынған тұрғын үйдің жалпы аумағы –74,4 шаршы метр;
Т – 2015 жылы салынған тұрғын үйдің есептік пайдалану мерзімі – 100 жыл;
Г – 2015 жылы салынған тұрғын үйдің бір жылға 1 (бір) шаршы метрін пайдаланудың, күрделі және ағымдағы жөндеудің шығын сомасы – 0 теңге;
Р – тұрғын үйді күтіп-ұстауға қажетті төлемдер сомасы (бір айға 1 (бір) шаршы метр үшін теңге);
А – үй-жайды пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшері (бір айға 1 (бір) шаршы метр үшін теңге);
Есептеу формуласы:
2015 жылы салынған жалға берілетін үйлер үшін:
Р=Г:12:Е;
Р=0:12:74,4=0теңге;
А=Ц:Т:12+Р;
А=104824:100:12+0=87,35теңге.
Бір айға 1 (бір) шаршы метрінің жалдау ақысының мөлшері – 87,35 теңге.

Қолданыстағы