О внесении изменения и дополнения в постановление акимата района от 16 января 2015 года № 10 «Об установлении размера арендной платы в арендных домах государственного жилищного фонда Байганинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление акимата района от 16 января 2015 года № 10 «Об установлении размера арендной платы в арендных домах государственного жилищного фонда Байганинского района»
- Атауы (қаз.)
- «Байғанин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 66
- Қабылданған күні
- 27.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 10.03.2021 120613_516797.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CD000166
- ЭКБ идентификаторы
- 120613
- Редакция идентификаторы
- 120613_516797
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:10
0 «Байғанин ауданының мемлекеттік
тұрғын үй қорынан жалға берілетін
үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін
белгілеу туралы» аудан әкімдігінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы № 10
қаулысына өзгеріс және толықтыру
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7232 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 10 «Байғанин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4192 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағында:
«1 және 2 қосымшаларға» сөздері «1, 2, 3, 4 қосымшаларға» сөздерімен ауыстырылсын;
осы қаулының қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын.
2 2. «Байғанин аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Байғанин аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Боранбайға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Екі пәтерлі тұрғын үйлер
Аудан әкімдігінің
2018 жылғы «27» наурыздағы
№ 66 қаулысына қосымша
Аудан әкімдігінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 10 қаулысына 4 қосымша
Байғанин ауданының мемлекеттік тұрғын-үй қорынан жалға берілетін үйлерінде үй-жайды пайдаланғаны үшін белгіленген ай сайынғы жалдау ақы мөлшері
Екі пәтерлі тұрғын үйлер
2017 жылы салынған тұрғын үйдің 1 пәтерінің сметалық құны – 8 515 836 теңге;
Ц – 2017 жылы салынған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны – 120 792 теңге;
Е – 2017 жылы салынған тұрғын үйдің жалпы аумағы – 70,5 шаршы метр;
Т – 2017 жылы салынған тұрғын үйдің есептік пайдалану мерзімі – 100 жыл;
Г – 2017 жылы салынған тұрғын үйдің бір жылға 1 шаршы метрін пайдаланудың, күрделі және ағымдағы жөндеудің шығын сомасы – 0 теңге;
Р – тұрғын үйді күтіп-ұстауға қажетті төлемдер сомасы (1 айға 1 шаршы метр үшін теңге);
А – үй-жайды пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін теңге);
Есептеу формуласы:
2017 жылы салынған жалға берілетін үйлер үшін:
Р=Г:12:Е;
Р= 0:12:70,5= 0 теңге;
А=Ц:Т:12+Р;
А=120792:100:12+0= 100,66 теңге.
1 айға 1 шаршы метрінің жалдау ақысының мөлшері –100,66 теңге.