Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 12 "Об утверждении Правил присвоения звания "Лучший педагог"

Бұйрық · № 69 · қабылданған 22.01.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2015-no-12-ekb-99290/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 12 "Об утверждении Правил присвоения звания "Лучший педагог" Қолданыста Бұйрық ·№ 69 ·22.01.2016
22.01.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 12 "Об утверждении Правил присвоения звания "Лучший педагог"

Қолданыста Бұйрық ·№ 69 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 12 "Об утверждении Правил присвоения звания "Лучший педагог"
Атауы (қаз.)
"Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
69
Қабылданған күні
22.01.2016
Көрсетілген редакция
22.01.2016 99290_61160.kaz
Соңғы өзгеріс
22.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013158
ЭКБ идентификаторы
99290
Редакция идентификаторы
99290_61160
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:56

0 «Үздік педагог» атағын беру

қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 12 бұйрығына өзгеріс пен
толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10279 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
мынадай мазмұндағы 22 және 23-тармақтармен толықтырылсын:
«22. Жергілікті атқарушы органдар озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары туралы облыстық, аудандық (қалалық) баспасөз конференцияларын, брифингтер, телерадио бағдарламалар циклын ұйымдастырады және өткізеді.
23. Облыстық, аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттер «Үздік педагог» атағы иегерлерінің озық педагогикалық тәжірибесін жариялау, жинақтау және тарату бойынша жұмыстар жүргізеді, онлайн сабақтар, семинарлар, шеберлік сыныптарын ұйымдастырады. Біліктілікті арттыру орталықтары «Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпаздарын педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға және өткізуге тартады.».

2 2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1)   осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

4 4.  Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы