Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 17 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в доверительное управление»

Бұйрық · № 351 · қабылданған 03.10.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2015-no-17-ekb-115347/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 17 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в доверительное управление» Қолданыста Бұйрық ·№ 351 ·03.10.2017
03.10.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 17 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в доверительное управление»

Қолданыста Бұйрық ·№ 351 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 17 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в доверительное управление»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
351
Қабылданған күні
03.10.2017
Көрсетілген редакция
03.10.2017 115347_247632.kaz
Соңғы өзгеріс
03.10.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015904
ЭКБ идентификаторы
115347
Редакция идентификаторы
115347_247632
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:44

0 «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік

басқаруға беру қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17 бұйрығына өзгеріс
енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:
5-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) опера және балет өнерін дамыту үшін құрылған, жалпы алаңы кемінде 40 000 шаршы метр ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды және өзге мүлікті қамтитын кешендер түріндегі мәдениет объектілерін беру жағдайларын қоспағанда, тендерлік негізде жүзеге асырылады.»;

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді, сондай-ақ осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы «2» қазан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
___________ А. Мұхамедиұлы
2017 жылғы «3» қазан

Қолданыстағы